« ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ»

 

 

Мақсаты: 1. Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.

2. Оқушылардың тілін, мәнерлеп айту,сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту

3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: газет,нақыл сөздер, буклет,шарлар.

 

Сабақ  барысы:

1.Ұйымдастыру :

« Ұлыстың ұлы күні құтты болсын !»

« Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын ».

 

1- жүргізуші: Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар !

Босқа қарап тұрмаңыздар.

 

2-жүргізуші:Наурыз тойы басталды,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

 

1-жүргізуші:Наурыз келсе, құт келгені,ағайын.

 

2-жүргізуші: Шашу шашып ,ел боп қарсы алайық.

 

1- жүргізуші: Наурыз тойы – мереке,

Жаңа жыл –береке болсын!

 

2-жүргізуші: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

 

1-жүргізуші: Наурыз мейрамы шығыс халқының көне күн  тізбегінде жыл  басы деп саналады.

«Нау» –жаңа , «руз» – күн деген сөздерден алынып,жаңа жылдың бірінші күні

деген ұғымды білдіреді.

 

2-жүргізуші: Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.

Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жырсышы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

Ұлыстың  ұлы күні, құтты болсын ағайын!

 

( Ән « Наурыз »  )

 

1- жүргізуші: Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп, жатыр міне маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы.

Қуат болып даламызға тарады.

 

 

2- жүргізуші: Төрт түлік мал халқымыздың сүйері.

 

Көңілімнің,күмбірлеген күй енді.

 

Аман ба деп, мал жанын ?

Бірін –бірі  құшақтасып сүйеді.

 

( Ән « Көктем »)

 

1- бала: Жас қосатын  жасына

Жыл басы бұл Наурыз.

Әр кіргізген асыңа.

Бал татыған сары уыз.

 

2- бала: Көктем тойы - әніміз.

Көркемөнер сәніміз.

Өлең, әнмен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.

 

 

(« Ән  « Келді  көктем , далаға ! »)

 

3- бала: Өлең өрлеп, жыр самғай

Үйлесті әсем әніміз,

Болады екен, жыл сондай

Қандай болса Наурыз.

 

4- бала: Жан қалмасын жай тұрған ,

Мәз болсын, жас -кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып,

Би – билейін бәріміз.

 

( Би  « Қуаныш »)

 

1-жүргізуші: Кел, балалар , келіңдер ,

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Ойынға әбден тойындар.

 

( Қазақтың ұлттық ойындары, « Арқан тартыс», « Жамбы ату»)

 

2- жүргізуші : Кел, балалар ,ойнайық.

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

 

 

а) Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

 

( Дастархан)

 

ә) Төрт бұрышты ,бір ауызды.

( Сандық)

 

б) Шыр көбелек айланар

Беліне жіп байланар.

( Ұршық)

в) Арқауы бар қос қалта,

Ажыраса алмайды.

Анам қайда жол тартса,

Қанжығадан қалмайды.

( Қоржын)

 

( Жұмбақтар  шешіліп, сыйлықтар беріледі )

 

1-жүргізуші: Туғаннан соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең.

Жұрт атайды « надан деп».

 

5- бала: Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттың біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

 

 

2-жүргізуші: Онда сол салт – дәстүрлеріміз туралы білімдерімізді байқайық. Қазір мына  асықтарды алып, жазылған нөмірі бойынша сұрақтарға жауап берейік.

 

1. Жеті атауды атап бер.

2. Ұлттық ойындарды ата.

3. Қандай ұлттық тойларды білесің.

4. Ұлттық киімдерді ата.

5. Ұлттық тағамдарды ата.

 

 

1. бастаушы: Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

 

2. бастаушы: Сол дәстүрлеріміздің бірі – «отпен аластау». Мұның мәні – ескі жылдағы жамандық, бәле – қала барлығы өткен алстап, жаңа жылға тазарып келу.Олай болса, кәнеки, біз де жаңа жылға жаңаша тазарып кірейікші!

 

( Жазылған ттың (майшамдар ) арасынан тізбектей өту).

 

( Жауаптары тыңдатылып , түзетіледі )

 

 

1-жүргізуші:  Ендігі  сөзді әжемізге береміз!

 

Әже : Оу, айналайын, балалар!

Тоя ішсін деп тамсанып

Жеті түрлі дәм салып

Наурыз көже пісірдім.

Оттан қазан түсірдім.

Бал көжеден татыңдар.

Бар қызыққа батыңдар.

Көктем Наурыз тойында

Құмар болып ойынға

Іске үлес қоспаған

Ішер бір – ақ тостаған

Еңбекқорға талапты

Қоямын қос табақты

Асқа кәрі - жасыңды

Шақырып , ием басымды.

 

2- жүргізуші : - Кәне , балалар, әжелеріңнің дастарханынан    Наурыз көжеден дәм татайық ...

 

1-жүргізуші:     Шайылғандай мұң , кірбің Наурыз тойда,

Жабықпайсын жанында көз ән барда.

Көру әже ойлайды екен  ел салтын,

Наурыз көже қайнайды қазандарда.

 

2- жүргізуші:    Шапағатын аямай бұл шақта аспан,

Жадырайды  әр  адам мұң шақпастан.

Ау, ағайын ,келіңдер, бүгін бізде

Наурыз көже құрт қатып,бұршақ қосқан

 

 

1- жүргізуші:    Ән салыңдар , би билеп шаттаныңдар!

Ұлы күнін ұлттың  атқарыңдар.

Жадырасын бұл күні бүкіл өмір

Жығылмасын  бәйгеге шапқан ұлдар!

 

 

( Мереке соңы ән, биге , өлең – жырға ұласады.)

 

Наурыз  көже  таратылады.

 

 

 

Бегимханова Ж . Ж .

О.Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жоғары санатты