Naur1
Ақтың молаятын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы да келіп жетті.
Наурыздың 14-28 аралығында  А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Наурызым, жүректерге нұр сепкен» / «Праздник, согревающий сердца» дәстүрлі мерекелік бағдарламасы жұмыс істей бастады.
 
Биылғы жылы ұйымдастырылған көрменің ерекшелігі – Наурыз алғаш рет бүкіл түркі әлемінің мерекесі ретінде қарастырылған.  Қонақтарымызды «Жеті қазына» / «7 сокровищ» атты сәнді гүлдермен, ұлттық қолданбалы өнер элементтерімен және кітаптармен айNaur2нала безендірілген экспозиция қарсы алады.
«Қазақтың зергерлік әнері» / «Ювелирное искусство казахов», «Қазақ халқының ұлттық киімдері» / «Национальная одежда казахского народа», «Қазақстан флорасының кереметтері» / «Чудеса флоры Казахстана» атты «Алматыкітап баспасының» көркем безендірілген альбомдарымен бірге кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Сен білесің бе?» сериясының - «Киіз үй» / «Юрта», «Наурыз», «Малыш родился» басылымдары орын алған. Әр келуші «Наурыз шашуының» кәдесыйы ретінде дәстүрлі тағам «Наурыз-Көженің» әзірленуі және мерекені сипаттайтын «Бәрі де Наурыз жайында» үлестірме парағын ала алады. Наурыз мейрамын түркі тілдес халықтар «патрих», «гүлнаурыз», «наусарджи», деп түрліше атаса да, мағынасы бір -  көктемнің келуі, табиғат ананың жаңарып, адам жанының тазаруы. «Наурызға тағзым Навасарди» /«Ода Наурызу» бөліміндегі «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» / «Традиции и обряды казахского народа», Қанат Серікпаевтың «Тайны тысячелетий тюркского мира» жаңа кітабы, «Магия Навруза» қызықты жинағы, Ақселеу Сейдімбектің «Мир казахов» монографиясы барша қонақтарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.
«Шыр айналған дүние-ай» / «Жизненный круг», «Шанырақ және ғалам» / «Дом и вселенная», «Ұлы дала әуендері» / «Музыка великой степи» атты мереке бөлімдері Наурыз әлемінің қыр-сырын аша түспек.
Дүниеге көрік берген, шырайлы жыл басы наурыз құтты болсын, ағайын!

Байланысшы:    Қыдырова Н.


 

Анкета

Сіздің ойыңызша осы кәсіпорындардың қайсысы облысымыздың визит карточкасы?
 
 
+7 (7232) 261 333
+7 (7232) 263 087
director@pushkinlibrary.kz
ШҚО Өскемен қ.
Қазақстан к. 102

ВКОБ имени А.С. Пушкина © 1998 - 2014  Карта сайта
Besucherzahler
счетчик посещений