phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
«Қас жауына қарсы шапқан баһадүр»

«Қас жауына қарсы шапқан баһадүр»

23 ақпан күні, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада О. Бөкей атындағы №44 лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Айткожин Қайрат Батханұлының «Қас жауына қарсы шапқан баһадүр» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап таныстырылымына автордың жерлестері, әріптестері, мемлекеттік қызметкерлер, кітапханашылар қатысты.

Өлкеміздегі  тарихи тұлғалар мен батырлар туралы қалам тербеп жүрген авторлардың бірі, өлкетанушы, «Білім беру ісінің үздік педагогы» Айткожин Қайрат Батханұлының бұл – жарық көріп отырған жетінші кітабы. Қайрат Батханұлы «Қабанбайтану» атты оқу құралын жасап, мектептерде оқытуға бастама көтерген ұстаз.

Автордың «Қас жауына қарсы шапқан баһадүр» жинағына ерліктің арқауы, батырлықтың бастауы болған дарабоз батыр Қаракерей Қабанбай, Дәулетбай, Би Боранбай, Шүрек батыр, Майлы батыр т.б. бабаларымыздың ел қорғап, ерлік көрсеткен өмір жолы мен шайқастары арқау болған.

Құрметті оқырмандар! Өлке тарихы, тарихи тұлғаларға арналған жаңа кітаппен танысуға баршаңызды кітапханада күтеміз!

Aitkogin 1 Aitkogin 2 Aitkogin 3 Aitkogin 4 Aitkogin 5 Aitkogin 6
Aitkogin 8 Aitkogin 9 Aitkogin 10 Aitkogin 11 Aitkogin 12 Aitkogin 13

 

Байланыс тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp