Қазір 716 қонақтар онлайн
             Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырлары                                                       "Мағжан - жырымен жұртын оятқан: виртуалды кітап көр   
 
                                             А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың көпшілік іс-шараларының бағдарламасы

Стихотворения Магжана Жумабаева
Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,
Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін.
 Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,
Жұлдызды - жүзік, Айды алқа ғып берейін ....

- Мағжан Жұмабаев осылайша  өлең арқылы өз махаббатын боямасыз жеткізеді. Және бүкіл Қазақстан халқы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ ақынының кәусар жыр жолдарымен сусындайтын болады. Толығырақ ...

Акция қарсаңында кітапханада ақпараттық стендтер, "Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырлары" бетбелгілері даярланды.

А.С. Пушкин атындағы кітапханада қыркүйек айының басынан бастап "Өлеңдер ізімен сурет саламыз" атты қаланың өнер мектептері оқушыларының жұмыстарының галереясы ашылды. Қазақ ақынының өлеңдерін оқыған  қаланың өнер мектептері оқушылары қиял әлемінде көрініс берген бейнені қыл қаламмен кенеп бетіне түсірді.

2009 ж. 17 қыркүйек күні ШҚАУ-де Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мағжан – Тұран көгінің  жыр жұлдызы» деп аталатын көшпелі іс-шара болып өтті. Бұл медиасұхбат "Бір ел - бір кітап" акциясының тұсаукесеріне айналды.Болашақ заңгерлер қазақ поэзиясының ең жарқын өкілдерінің бірінің туындыларына үлкен қызығушылықтарын білдірді. Шығармашылық түбірі Абайдың биік поэзиясынан бастау алатын Мағжан жаңа дәуір - романтизм дәуіріне жол салды.

2009 ж. 17 қыркүйек күні ШҚАУ-де Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мағжан – Тұран көгінің  жыр жұлдызы» деп аталатын көшпелі іс-шара болып өтті. Бұл медиасұхбат "Бір ел - бір кітап" акциясының тұсаукесеріне айналды.Болашақ заңгерлер қазақ поэзиясының ең жарқын өкілдерінің бірінің туындыларына үлкен қызығушылықтарын білдірді. Шығармашылық түбірі Абайдың биік поэзиясынан бастау алатын Мағжан жаңа дәуір - романтизм дәуіріне жол салды.

2009 ж. 17 қыркүйекте кітапхана қызметкерлері "Қазақстан - Өскемен" ТД бірлесіп Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмге бейнематериал даярлап, түсірді. Тақырыптық көрмеге қойылған әдебиеттерді көрермен назарын ұсынған кадрлар ақын замандастарының естеліктерімен және өлеңдерінен үзінділер оқумен жалғасты.

2009 ж. 18 қыркүйек күні «Өзіңіз оқыған соң  - өзгеге ұсыныңыз» буккроссингі бастау алды. Ақынның төрт кітабы саябақтар, аялдамалар т.б. қаланың қоғамдық орындарына өз оқырмандарын іздеуге аттанады.

19 қыркүйек күні акция қарсаңында кітапхана жастары ақпараттық флэш-моб ұйымдастырды. "VITA" кәсіпорындар тобы ұсынған ақпараттық "сэндвичтермен" қаруланған мобильді топ Пушкин кітапханасынан "VITAМИР" СҮ дейінгі аралықта әдеби соқпақ жол салды: жүргіншілерге шарлар мен Мағжан Жұмабаев өлеңдері жазылған бетбелгілер таратты. Жамбыл және "Жастар" саябағында ақын өлеңдерін оқып, тіпті жас жұбайларды да құттықтады. Бұған жауап ретінде жастар "тату өмір сүрумен" қатар Мағжан Жұмабаевтың барлық махаббат жырларын оқып шығуға уәде берді.


22 қыркүйек күні пушкиндік библиокеруен Ұлан АОК-на аттанды. Ол Ұландық кітапханашыларға осы тәрізді акцияларды өткізудің жаңа формалары мен әдістерін әкеліп қана қойған жоқ. Мұнда арнаусапармен белгілі ақын, аудармашы Әуезхан Қодар болып қайтты.

22 қыркүйек күні сағат 16.00 кітапханада жаңа толқын жазушысы, қос тілді ақын әрі драматург, мәдениеттанушы және философ, әдеби сыншы, аудармашы Әуезхан Қодармен кездесу болып өтті. Толығырақ ...

23 қыркүйек. Нағыз теңіз оқиғаларын бастан кешіргендей сезіну және белгілі ақын Әуезхан Қодармен танысу - бұл әрбір баланың қиялындағы арманы емес пе? А.С. Пушкин атындағы кітапхана "Үміт" Балалар үйі тәрбиеленушілеріне осындай мүмкіндікті ұсынды. Екі ұрпақ арасындағы кездесу "Ғайни" теплоходында жылы достық атмосферада өтті.

23 қыркүйекте Әуезхан Қодар студент жастармен кездесті. Ол Жұмабаев шығармаларын аударуға не әсер еткенін әңгімелеп, аударма жұмысы барысы жайын түсіндірді.

4 қыркүйек Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжі мен № 26 орта мектепке көшпелі іс-шарамен ерекшеленді. Кітапхана қызметкерлері ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Осы күні кітапханада 11 сынып оқушыларының қатысуымен «…мен Күн ұлы, Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар» атты әдеби кеш өтті.

25 қыркүйек күні № 26 орта мектептің 11 сынып оқушылары «Виртуалды мағжантану» веб-шолуында қатысты. Балалар қазақ ақыны мен оның шығармалары жайлы материалдар қойылған сайттармен танысты.

25 қыркүйек күні сағат 16.00 кітапханада "Тарихи тұлға өміріне психолог көзқарасы" атты лекциялар сериясының алғашқы лекциясы болып өтті. Психолог Буктугутова Зияда Сабырқызы тыңдарманға Мағжан Жұмабаев өлеңдері арқылы өмір сабақтарын тануға көмектесті. Толығырақ ...


 

Анкета

Сіздің ойыңызша Шығыс Қазақстанның ең тартымды туристік орындары?
 
 
+7 (7232) 261 333
+7 (7232) 263 087
director@pushkinlibrary.kz
ШҚО Өскемен қ.
Қазақстан к. 102

ВКОБ имени А.С. Пушкина © 1998 - 2014  Карта сайта
Besucherzahler
счетчик посещений