homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...
0123456789

Астанаға 20 жыл

21 ақпанда сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты кездесу өткізіледі. Астана қаласының киелі қасиеті, өзіндік ерекшеліктері және 20 санының нышаны – мерекелік танымдық бағдарламаның мәні мен мағынасы. Кездесу қонақтары астананың құрылу кезеңдерін еске алып, пікір бөліседі. Соның ішінде: Астананың 20 көрікті орны, әлемдік деңгейдегі Астана тарихының 20 оқиғасы, белгілі адамдардың Астана туралы 20 цитатасын оқу, 20 қызықты дерек білу ...

Кездесу реңін суретті кітап көрмесі ашады, онда Ақмола – Целиногорад – Ақмола – Астана тарихының маңызды оқиғалары мен Астананың бас сәулетшісі, көреген басшы Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары зейінмен оқуға ұсынылады. Түрлі-түсті фотоальбомдарда бейнеленген Астананың сән салтанатты келбеті фотосуреттер галереясында жалғасын тауып, тартымдығымен әсер етеді. Сондай ақ, көрмеге келушілер мерекелік арт-стена аясында естелік фотосуретке түсе алады.
Қазіргі Астана – «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыттарын іске асырудың жарқын мысалы: жаңашылдыққа ұмтылыс, жаңа құндылықтар қалыптастыру, өркенді келешек үшін инновациялық идеялар енгізу. Астана шаһары – біздің рухымыз, мақтанышымыз және күш-қуатымыз! Біз баршаңызды алдағы астана мерейтойымен құттықтаймыз және мерекелік іс-шараға шақырамыз.
Анықтама тел: 261-333 (ішкі. 119)