homesemail1sm

Қазақ тілі_клуб


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостей«Ұлы мұра» экспозициясы Тәуелсіздік Күніне арналады

«Ұлы мұра» экспозициясы Тәуелсіздік Күніне арналады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңынды 11 желтоқсан күні, сағат 11.00-де  кітапханада (http://www.pushkinlibrary.kz) «Ұлы мұра»/«Великое наследие» көрме-экпозициясының ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияны «Берел» мемлекеттік мұражай-қорығы ұсынып отыр.

Берелге алғашқы археологиялық экспедиция осыдан 15 жыл бұрын болған еді. Ғылым әлемі  скиф-сақ дәуірінің (б.э.д. IV-III ғасыр) көшпелілер элитасының теңдесі жоқ олжаларын тапқан еді. Мәңгі тоңның арқасында бұзылмай сақталған мумияланған адам мен жылқылардың қалдықтары, аң стилінің жоғарғы дәстүрінде көркемделген жасау-жабдықтар ежелгі өркениеттің қайталанбас үлгісі болып табылады. Әр түрлі өлшемдегі тас үйінділерінен түзілген жетпіске жуық қорғандардан тұратын Берел қорымы әлемге танымал болды.  Бүгінде Берел зерттеулері еліміздегі осыдан 2,5 мың жыл бұрын Шығыс Қазақстанды мекендеген адамдардың нақты бет-бейнесін анықтайтын бірден-бір ескерткіш.

Көрмеде Берел қорғандарында жылдар бойы жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесін көрсететін фотоплакаттар, баннерлер, кітаптар ұсынылады.

Мұражай-қорық мамандары қорғанның ғылыми зерттеулері бойынша экскурсия жүргізеді. Сондай-ақ,  көрсетілетін тақырыптық фильм мен слайд-презентация зерттеулердің толық көрінісін ашып көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Ал сақ патшасының мүсіні, музыкалық аспаптар, кәдесыйлар  көрме-экспозицияға ерекше эмоциялық көіл-күй сыйлайды.

Көрмеге қойылған Берел қорғандарынан табылған таңғажайып олжалар, көшпелі элиталық жерлеу дәстүрі, аң стилінде жасалған жоғары көркемдік бұйымдар қазақ жерінің көп ғасырлық тарихын айғақтайды.

Оны зерттеу тәуелсіз Қазақстан азаматтарының тарихи санасын қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз.

Байланысшы: Ашкенова Ж.С

Тел.: 26-39-46