homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапханаға 120 жыл

Кітапханаға 120 жыл

Кітапханамыздың мерейтойына құттықтаулары мен жылы лебіздерін білдіру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, БҰҰ Даму Бағдарламасы, АҚШ Елшілігі, Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясы Консулдығы, қаламыздағы зиялы қауым өкілдері, облыс өңірлерінен әріптестеріміз жиналды.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, танымал жазушы Әлібек Асқаров ҚР мәдениет және спорт Министрі А. Мұхамедиұлының атынан кітапхана мамандарына «Кітапхана ісінің үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері», «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медальдарымен марапаттады.

Кітапханашыларды облыс әкімінің грамотасымен әкімнің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы марапаттады. Шығыс Қазақстан Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасы кітапхана мамандарын марапаттап, дыбыс жабдықтарын сатып алуға сертификат сыйлады.

БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілі Норимаса Шимомура, Қазақстандағы Америка Елшілігінен Елшінің орынбасары Джон Марк Поммершайм мырза, Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы Сергей Анненков сондай-ақ, Облыстық ішкі саясат Басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит кітапхананың мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Кітапхана демеушілері мен серіктестері атынан «Казцинк» ЖШС , Қазақстандағы АЭС компаниялары тобынан, ТМК АҚ, УМЗ АҚ өкілдер келіп, сөз алып, лебізлерін білдірді.

Айта кетсек, Қазақстанда АЭС компаниялар тобы белсенді түрде аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін ағылшын тілін оқытатын «Access скул» жобасын қолдап, демеушілік көрсетсе, «КазЦИНК» АҚ мерейтой қарсаңында жастар Интеллект-орталығына пандус орнатты.

Қуанышымызға ортақтасуға Мүслім Құмарбеков, Борис Щербаков, Оңдасын Елубай, Әлібек Қаңтарбаев Наталья Матвеева сияқты т. б. жерлес жазушыларымыз, да көптеген жылдар кітапхана саласында еңбек етіп зейнетке шыққан ардагерлеріміз де келді.
Қалалық, аудандық кітапханалардан келген әріптестеріміз де өз тілектерін білдірді.
ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының директоры Анатолий Иксанов, Еуразия Кітапханашылар Ассамблеясының директоры Галина Райкова, Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры Вадим Степанов, Чуваш Республикасынан педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-блогер Андрей Федоров та виртуалды құттықтауларын жолдады.
Салтанатты кездесуде қонақтар кітапхананың жеткен жетістіктеріне тоқталып, жақсы сөздер мен ақ тілектерін айтты. Облыстық филармония мен жастар театрының әртістері музыкалық сый-тартуларын ұсынды.

Қонақтар назарына кітапхананың жұмысы, оқырмандар мен серіктестер туралы кітапхана мамандары түсірген бейнефильм ұсынылды. Бейнефильмді мына сілтеме арқылы көруге болады.

ajnj 1 gh ajnj 2 gh ajnj 3 gh ajnj 4 gh ajnj 5 gh ajnj 6 gh
ajnj 7 gh ajnj 8 gh ajnj 9 gh ajnj 10 gh ajnj 29 ajnj 13 gh
ajnj 15 gh ajnj 16 gh ajnj 17 gh ajnj 18 gh ajnj 19 gh ajnj 20 gh
ajnj 21 gh ajnj 22gh ajnj 23 gh ajnj 24 gh ajnj 25 gh ajnj 26 gh