phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Қазан 2022

Жаңадан түскен кітаптар

Айжұлдыз Адайбекова
SUP JULIE. Ай-дара, өз даралығыңа ұмтыл.

Автор өз кітабында өз кейіпкері бола отырып, басынан өткен қиыншылықтарын, отбасылық проблемаларын және басқа да көптеген "қалай" деген сұрақтарға жауап береді.

              

 

Жаңадан түскен кітаптар
Ғабдулла Тоқай
Таңдамалы шығармалары
 
Татар халқының ұлы ақыны Ғ. Тоқайдың өлеңдері, прозалары мен поэмалары, балаларға арналған өлеңдері мен ертегілерінің аудармалары хронологиялық тәртіппен берілген.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Ахмет Байтұрсынұлы
Он екі томдық шығармалар жинағы

 

Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағының бірінші кітабында "Қырық мысал" жинағының әр жылдардағы басылымының алғашқы 1909 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында берілді.

Екінші кітапқа "Маса" жинағының 1922 жылғы нұсқаның мәтіні бүгінгі жазумен берілген.
Үшінші томға оқу құралы: қазақша әліппесі (1912), Әліп-би(1926) атты оқулықтарымен қатар осы оқулықтардың кейінгі басылымдарының факсимилесі енген.
Төртінші томға "Тіл-құрал" жинағының бірінші, екінші, үшінші жылдық кітаптары топтастырылып, факсимилелері берілген.
Бесінші томға "Оқу құралы: қазақша алфбаға байаншы"(1921), "Сауат ашқыш"(1926), "Шура" журналы, "Қазақ" газетінің оқу- ағарту мәселелері көтерген мақалалары топтасқан.
Алтыншы томға "Шаруалық өзгеріс" қолжазбасы, "МОПР һәм Күншығыс елдерінің еңбекшілері", "Соғыс қаупі мен жұмыскер табының міндеті" атты аудармалары енген.
Жетінші кітапқа автордың қазақтың "Ер сайын" атты еңбегінің 1923 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз- қалпында ауыстырылып, факсимилесі оң қапталына берілді.
Шығарманың 8-ші томына қазақтың 400 жылдық тарихы қамтылған “23 жоқтау” атты еңбегінің 1926 жылғы нұсқасы берілген.
Тоғызыншы томда "Әдебиет танытқыш" атты зерттеуі берілген.
Ахмет Байтұрсыновтың 12 томдық шығармалар жинағының оныншы томына үзеңгілес шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге 1927 жылы жарияланған "Оқу құралы" кітабының мәтіні жарық көрген.
Он бірінші томға " Оқу құралының" екінші бөліміндегі 119 тақырып (оның 14 өлең), мәтіндерімен кітаптың екінші жартысына факсимиле түрінде берілген.
Он екінші томына “Тіл-жұмсар” атты әдістемелік құралы, "Әліпбе айтысы"(1927) жинағына енген "Араб әліп-биін жақтаған байандамасы" және 1923-1929 жылдар аралығында шыққан мақалалары мен мұрағаттық деректері қамтылған.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp