phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
 «Бастаңғы» интеллектуалды онлайн форумы

«Бастаңғы» интеллектуалды онлайн форумы

Әз Наурыз мерекесі қарсаңында, 14 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бастамасымен ZOOM платформасында Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханалары қызметкерлері және оқырмандарымен бірлескен «Бастаңғы» мерекелік интеллектуалды онлайн форумы өтті. Форум Шығыс Қазақстан жұртшылығын күй өнерімен сусындатып жүрген «Жігер» домбырашылар ансамблінің орындауындағы тамаша күймен ашылды.

14 наурыз көрісу күніне сәйкес келген форумда «Сәлем – сөздің атасы» демекші әр облыс оқырмандары бір-бірімен онлайн көрісіп, өз кітапханаларымен таныстырып, әр өңірде сақталған терме, күй, ұмытылған әндерден музыкалық шашу шашты. Одан кейін әр облыстың жастары наурыз мерекесі туралы көркем әдебиеттен алынған үзінділердің қай шығармадан, қандай автордың кітабынан алынғандығы жайлы интерактивті сұрақтарға таласа жауап беріп, суретпен жасырылған көктемге, наурызға байланысты мақал-мәтелдерді тапты. Онлайн қонақтар «Жарапазан - кеше, бүгін, ертең» деген тақырыпта алдын-ала дайындалған жарапазан айту үлгілерінен дайындалған бейнесюжеттерін ортаға салды. Кездесу соңы қазақтың ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі «Қыз бен жігіт» айтысына ұласты.
Форум соңында мерекелік тілектер айтылып, әр кітапханада наурыз кеші өз жалғасын тапты.

 

 Bastangy 2  Bastangy 3  Bastangy 4  Bastangy 1  Bastangy 6

 

Байланысшы: Құдайбергенова Нургуль
Байланыс тел.: +7 705 541 2525


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp