homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...
0123456789
Негізгі бетPROОҚУЛАРЖаңадан түскен кітаптар

Қаңтар 2017

20170101k
Ибрагимов Т.
Шыңғыстау өңірінің шертпелері

 

Жинаққа мұражай қорына әр жылдарда түсіп сақталған белгілі күйші-орындаушылардың шығармалары енген.               

20170102k

Ш. Сулейменова, С.Ахметова

Мұхтар Шахановтың әндері мен жұрт жатқа айтып жүрген жырлары Сүймегендер сағынбайды

 

Мұхтар Шахановтың көптеген әндері қалың көпшілік назарында. Сазгерлердің әндеріне жазылған өлеңдері, ел айтып жүрген жырлары және әлі елене қоймаған өлеңдері де енген.

20170103kҚазақстан композиторларының кең тараған ән-романстары (клавир)

 

Халқымыздың әншілері мен бұлбұлдарының орындауындағы әндердің ноталық нұсқалары-клавирлер берілген.                                                                       

20170104k

Байтемирова Қ. Б.

Медициналық психология

 

Аталмыш пән бойынша дәрістерді жинақтап мемлекеттік тілде ұсынылған. Оқу бағдарламасына сай жазылған.   

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

Желтоқсан 2016

20161201kz
Қазақтың бата-тілек, өсиеттері

 

Бабаларымыздан қалған баға жетпес асыл мұра бүгінгі ұрпаққа мол пайдасын тигізері хақ. Жинаққа енгізілген бата-тілектер, өсиеттер өресі биік парасаттылыққа, шынайы ізгілікке талпындырады.                                

20161202kz

М. Әбуғазы. Қазақтың домбыра өнері

 

Автор бұл еңбегінде домбыра аспабының шығу тегі, күйшілік өнердің қалыптасуы, күйші-композитор, күйші-орындаушылар туралы мағлұматтар бар. Ең таңдаулы күйлердің ноталары берілген. Домбыра аспабының жасалуының шеберлері мен күй өнерін зерттеуші ғалымдар туралы айтылған.                 

20161203kzСмағұл Бақытбек. Қолбасшы күнделігі

 

Аталмыш кітап Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен құрастырылған. Құндылығын жоғалпайтын ақиқат-шындықты шыңдап қана қоймай, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қалдырған мұрасы.                                      

20161204kz

Нарымбетов С. Көзімнің қарасы

 

Сатыбалды Нарымбетовтың есімі қалың жұртшылыққа мәлім. Режиссёрдің өз шығармашылығы мен әріптестері туралы, эсселері мен естеліктері суреткерлік қолтаңбасын, азаматтық болмысын аша түскен.                                                                                                       

«Тәуелсіздік толғаныстары» сериясы

tau

«Тәуелсіздік толғаныстары» сериясымен жарық көрген жазушы-журналистердің шығармаларының арқауы қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік өркениетке қосылып, қоғам орнатудағы жеткен жетістіктері туралы. Белгілі тұлғалардың рухани қазынаға қосқан үлестері жайлы әңгімеленген. Толығырақ

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

Қараша 2016

20161101k
Бейсенұлы Б. Қалам мен ғалам

 

Жинақта автор он сегіз мың ғаламның тылсым құпия сырларын арқау еткен. Әр жылдарда "Айқын" газетінде жарияланған мақалалары, ой-толғаулары мен жолсапар жазбалары берілген. 

20161002k

Құсайынов А. Орта білім беру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары

 

Әлемдік озық тәжірибелер негізінде білім сапасын көтеру жолдары көрсетілген.                         

20161103kҚанафияұлы Назарбек.
Түнекті түрген найзағай

 

Еңбекте қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың зерттеушілік қызметі мен өмірі баяндалған.                                         

20161104k

Тайпале И. Финляндияның 100 әлеуметтік инновациясы

 

Тегін білім алу, қарт адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, салауатты өмір салтын насихаттау т.с.с. көптеген проблемаларды шешу қамтылған.                                                                                                                                              

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

Қазан 2016

20161001k

Апеева Г.

Абайдың ақындық дәстүрі және Шәкәрім поэмалары 

 

Шығармашылық әлемде әрқайсысы өзіндік із қалдырған Абай шәкірттерінің ерекше қолтаңбасын танытатын даралықтар моногафияда нақты көрсетілген.        

20161002k

Файзуллаев Ә. Ақылыңа ақыл қос

 

Адам ақылшысы – кітап болса, кітап оқып, ой-өрісін кеңейткісі келген жас жеткіншектерге арнап автор Ә. Файзуллаев әңгіме жинағын ұсынған.                             

20161004kАрқаның айтыс ақындары

 

Бұл ұжымдық жинақта Арқа өңірінің ақын қыздарының шығармалары топтастырылған. Шығармалар арқауы өмір-тіршілік, тағдыр, адамгершілік, азаматтық. 

20161005k

Бұқар жырау

 

"Көмекей әулие" атанған ұлы тұлға Бұқар жыраудың жыраулық поэзияға қосқан жаңашылдығы, халыққа қалдырған мол мұрасы жайындағы анықтамалық баспа.                                                                                                                                                   

20161003kМырзахметұлы М. Жер тарихы-ел тарихы

 

Қазақ даласындағы жер-су, елді мекен атауларының түрлі өзгеріске ұшырауына нендей себептер әсер етті, тегімізді түрлі жалғау-жұрнақтар қалайша өзгерткені туралы ой қозғаған                                                                                                                          

 

                                                            

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

Қыркүйек 2016

20160901kМәсімханұлы Дүкен.
Азаттығым мен қазақтығым

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қытайтанушы, профессор Дүкен Мәсімханұлының елдік мүдде мен ұлт болашағы туралы жазған мақалалары, сұхбаттары, толғаныстары топтастырылған.  

20160902k

Абылайханов Т. Т.
Айтылмай жүрген құпия

 

Жинақта Шоқан өмір сүрген қоғамындағы тың деректер, халықтар тарихы, достық-туыстық тамырлары туралы мәліметтер берілген.                                                                                                                                                                              

20160903k

Пірәлі Г.
Қазақ әдебиеттануы және ұлттық идея

 

Монографиялық еңбекте қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық идеяның жазылуы мен әдебиеттану ғылымындағы зерттелу жайы қарастырылады.                       

20160904k

Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар

 

Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары ұсынылған.

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

Тамыз 2016

20160801kАрызқұлов Е.
Ақиқатқа айналған арман

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, құрметті профессор, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Еркебұлан Саламатұлы Мүсіреп туралы толғаныс.                                                                                                                                

 

20160602k

Қожабергенов О.
Алтайдың сыбызғы сардары

 

Бұл жинаққа археология, тарих және монументалдық өнер ескерткіштері туралы мақалалар енгізілген. Олардың барлығы көптеген жылдар бойы жүргізілген арнайы ізденістер нәтижесінде анықталып, зерттелген. Еңбекте аймақтың дамуы туралы қысқаша баяндалған.                                                               

20160603k

Әшімханұлы Д.
Көптомдық шығармалар

 

Белгілі жазушы, аудармашы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Дидахмет Әшімханұлының 2-томына әңгімелері мен әдеби эсселері, публицистикалық мақалалары енгізілген.                                                        

 

20160603k

Жарма ауданы

 

Бұл жинаққа археология, тарих және монументалдық өнер ескерткіштері туралы мақалалар енгізілген. Олардың барлығы көптеген жылдар бойы жүргізілген арнайы ізденістер нәтижесінде анықталып, зерттелген. Еңбекте аймақтың дамуы туралы қысқаша баяндалған.                                                          

 

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі