phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
Елена Пашкемен шығармашылық кездесу

Елена Пашкемен шығармашылық кездесу

28 желтоқсан күні А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханада ҚР Журналистер одағының мүшесі, республикалық басылымдардың меншікті тілшісі, ҚХА мүшесі, «NEWSKY AWARD 2023» халықаралық БАҚ сыйлығының лауреаты Елена Пашкенің екі кітабының тұсаукесері өтті.

 «Жизнь благодарю» поэтикалық жинағы мен «В путь! В путь! В путь!» саяхат очерктері жинағының тұсаукесері – өскемендіктер мен қала қонақтары үшін тамаша жаңа жылдық сыйлық. 

«Бақыт деген ризашылық. Алғыс айта білген адам, жеңілмейді! Өзің бақытты бол және өзгелерге бақыт сыйла» – бұл осы екі ерекше басылым авторының өмірлік ұстанымы.

Интернационал отбасынан шыққан (әкесі - неміс, анасы - корей) Елена, осы этностардың ең жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, оларды ақын әрі тілші ретіндегі шығармашылық жолында көрсете білген. 

Қарапайым, философиялық әрі әзілге толы, кейде қатаң қағидалардан шығып кететін, әрдайым шытырман оқиғаға, үмітке, қуанышқа толы автордың шығармалары адамға шабыт пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 

Әлемнің 20 елінен (Франция, Корея, Италия, БАӘ, Нидерланды, Үндістан, Бельгия, Египет және т.б.) 100-ден астам түрлі өлең мен саяхат жазбаларын автор сияқты қажырлы еңбек етіп, армандап,  саяхаттауды ұнататын оқырмандар бағалайтын болады.

Елена бала кезінен бастап жақын туған-туыстарына өлең құрастырып, жыр арнаған.  Кейінірек оның өлеңдері өзін танытып қана қоймай, өткенді түсініп, бүгінді бағалап, болашаққа әсер етуге бағытталды.

Қызықты факті: 2021 жылы Елена Пашкенің өмірбаяны екі энциклопедияға енген: «Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері» (басылым үш тілде жарық көрді, ҚР, Астана қ.) және «Известные корейцы Республики Казахстан» (ҚР, Алматы қ.).

Жаңа басылымдармен танысуға, авторды құттықтауға туыстары, достары, әріптестері келіп, Еленаға жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

 Pashke pr 3  Pashke pr 4  Pashke pr 7  Pashke pr 6  Pashke pr 5  Pashke pr 9
 Pashke pr 8  Pashke pr 12  Pashke pr 10  Pashke pr 13  Pashke pr 11  Pashke pr 1

 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp