7 қараша күні кітапханада «Арго» Шығыс Қазақстан полиграфиялық компаниясы шығарған жергілікті авторлар кітаптарының таныстырылымы өтті.
7 қараша күні кітапханада «Арго» Шығыс Қазақстан полиграфиялық компаниясы шығарған жергілікті авторлар кітаптарының таныстырылымы өтті.
2025 жылғы 21 қараша күні кітапханамыздың мәжіліс залы әдеби шабыттың ордасына айналды. Кітапханада Алтайдың арынды ақыны, айтыс өнерінің үздігі, жазба поэзияда өзіндік өрнек қалдырған Ақтан Нұрбаевтың шығармашылығына арналған «Ақтанымын Алтайдың» облыстық оқулары жоғары деңгейде өтті.
Республика күні қарсаңында кітапханамызда Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің Жоғары колледжінің 1-курс студенттерінің және Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен интеллектуалды-патриоттық квиз өтті.
Құрметті оқырмандар! Қадірменді әріптестер! Еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белестердің бірі – 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация». Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалады. Осы тарихи күннің 35 жылдығына орай А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Тәуелсіздік тұғыры» атты интерактивті кітап көрмесін ұйымдастырып отыр.
29-шы қазан күні кітапханада республикаға есімі белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иегері, Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, ардагер ұстаз Раисова Бақытжан Мұқтарханқызының «Бақыт әкелетін ертегілер» кітабының таныстырылымы өтті.
15 қазанда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
15 қазан – Халықаралық ақ таяқ күніне орай, кітапханада ерекше маңызы бар «Ақ таяқ: әлемді сезіну» атты форум өтті. Бұл күн – көру қабілеті бұзылған жандарды қолдау, түсіністік пен баршаға тең мүмкіндік жасауды насихаттайтын мереке.
2025 жылдың 23 қазанында Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада “Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебінің” ұйымдастыруымен Республика күні мерекесіне орай «Жырың болып төгілемін» атты облыстық оқушылар айтысы өтті.