phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Кітапханашы келбеті»

«Кітапханашы келбеті»

Зиза Мұхтарханқызы кітапхана саласында қызмет етіп келе жатқанына 48 жыл. Семейдің Абай атындағы кітапхана техникумын, Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының кітапхана-библиография факультетін бітірген.

Еңбек жолын Күршім аудандық кітапханасында библиограф болып бастап, қызыл отау меңгерушісі, мектеп кітапханашысы болды. Кейіннен Өскеменге қоныс аударып, облыстың бас кітапханасындағы қызметін қарапайым кітапханашыдан бастап бас кітапханашы, бөлім меңгерушісі болып істеді. 90 жылдардағы еліміздегі тоқырау кезеңін кітапхана үшін аса бір ауыр жылдар болды. Кітапханалар жаппай жабылып, газет –журналдардың көпшілігі тоқтап қалды. Халықтың әл-ауқаты нашарлаған кезде кітапхана өз миссиясын тоқтатқан жоқ. Тәуелсіздік жылдары бүкіл өңірге жаңа технологияны - интернетті жеткізе отырып, Пушкин атындағы кітапхана ТМД елдері арасында озық тәжірибесімен, тың идеяларымен алға шықты. Соңғы 25 жылда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қызмет істей отырып, кітапханадағы көп өзгерістерді басынан кешірді. Өлкетанушы-библиограф бола жүріп көптеген зерттеу жұмыстарына қатысты. «Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек армиясына қатысқан шығысқазақстандықтар» атты зерттеу еңбегін құрастырушысы. Электронды кітапқа енген материалдарды жинақтап, ыңғайлап, жүйеледі. Бүгінде электронды кітаптың мәтіні «Шығыс Қазақстан өлкетануы» - https://kray.pushkinlibrary.kz сайтында оқуға қолжетімді.
Сондай-ақ, Зиза Мұхтарханқызы өңіріміздің елді мекендерінің тарихына арналған «Шығыс Қазақстан ауылдарының тарихы» тұрақты жобасында өзін белсенді түрде көрсетті. Зиза Мұхтарханқызы өзін кітапхана іс-шараларының тәжірибелі жүргізушісі және облыстық және республикалық маңызы бар онлайн кездесулердің, форумдардың сауатты модераторы ретінде көрсетті.
З.М.Слямова республикалық және жергілікті БАҚ-тағы көптеген жарияланымдардың авторы. Көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін "Кітапхана ісінің шебері", "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгілерімен, қала және облыс әкімінің көптеген грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
2018 жылы Зиза Мұхтарханқызы "Мәдениет саласының үздігі" атағының иегері атанды. З.М. Слямованың есімі "Қазақстанның көрнекті кітапханашылары" анықтамалығына енгізілді.

Байланыс тел.: 26-13-33 (123)


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp