Абай мен Пушкиннің қазақ пен орыс халықтарының рухани келбетіндегі орындары тең. Абай шығармашылығындағы Пушкиннің рөлі, оның орыс әдебиетіне деген ерекше ілтипатының белгісі. Чистопрудный бульвар – Мәскеудің тарихи орталығындағы ежелгі демалыс орындарының бірі. Жылдың жылы мезгілінде “Чистые пруды” суында адамдар қайықпен серуендейді, қыста көл коньки тебетін мұз айдынына айналады. Көл мен оның маңайындағы саябақ кешені Мәс­кеу заңдарымен ерекше қорғалатын орын болып саналады. Абай ескерткіші осы саябақ төрінде орналасқан. Ескерткіш ойланып отырған Абай кескінін бейнелейді. Ойшыл ақын тұлғасынан Батыс пен Шығысты қатар қамтыған парасат, тылсым кемеңгерлік сезіледі. Тұғыры мен мүсінін қоса санағанда ескерткіштің биіктігі 5 метрден асады. Мүсінді сомдаған Марат Әйнеков, сәулеттік кешеннің жобасын дайындаған Тимур Сүлейменов. Сондай-ақ жобаны әзірлеуге В.Романенко деген мәскеулік сәулетші мен басқа да мамандар қатысқан...