Электрондық каталог

     Сіздер, ХХI-ші ғасырда өмір сүріп отырсыздар. Біздің ата-бабаларымыздың қиял- армандары жүзеге асқан заман. Пырақтардың ұшаққа, желаяқтардың көліктерге, дию-перілердің роботтарға, қарапайым Кенжекейдің ханшайымға, иен даладағы кішкентай бекіністің сәулетті , әдемі де әуезді, салтанатты ертегі шахар Астанаға айналуының куәгерлерісіздер. Ия, уақыт өткен сайын, заманына сай адамзаттың әр нәрсеге деген  қызығушылығы да өзгеріп отырады. Ата-аналарыңыздың әуестенген істері сіздер үшін қызықсыз, мұраттарыңызға сәйкес келмеуі мүмкін, өздеріңіз ұнатқан сүйікті қаһармандарыңыз, пірлеріңіз бар...
       Бабаларымыздың қиялды қияға жетелеп, жүректерімізге ізгілік дәнін себуге дәнекер болатын, ұлы мұраттарға жетелейтін аңыз-әңгімелері мен сиқырға толы ертегілер әлемі
          Ол туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан жолы” атты кітабында былай дейді:
      «Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнді жеп қояды. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуын, қайырым­дылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақ­стан мақсатының көрінісі».
    «Бәйтерек» бейнесінің ұлттық валюта, ұлттық мерейтойлық сыйлықтар мен тиындарда  бейнеленуі Астананың мерейімен бірге Қазақстанымыздың жаңғыруын көрсетеді.
      Осылайша халық аңызының арқасында «Бәйтерек» кешені біздің қуанышымызға айналды. Ол сәулет өнері ескерткіші ғана емес, еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісі.
     «Астана-Бәйтерек» өзінің жалпы мағынасында жер, өмір және аспан ұғымдарын білдіріп, Қазақстанымыздың қайталанбас өсіп-өркендеуінің келбетіне айналды.
      Бәйтеректің жоғары бөлігі немесе әпсанадағы ару Ананың ұясында  алтын түсті алып шар орналасқан. Осы шардың ішінде тұрып әсем қаланың бүгінгі келбетін төрт түстік, сегіз ұштықтан тамашалай аласыз. Шардың диаметрі 22 метр, салмағы 300 тонна. Дәл осы арадан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оң алақанының табы түскен күміс қалыпты көресіз. «Аялы Алақан» - Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің оң алақанының бедерлемесі шығармашылық композициясын көруге болады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген, тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінеді.
         Елордаға келген меймандар ең алдымен ат басын алып Бәйтерекке бұрады.
Виртуалды кітап көрмесі
сарқылмас бай қазынамыз болып қала бермек. Ешқашан да өзінің құндылығын жоғалтпай, сан ұрпаққа қызмет ете береді.  Қымбатты дос! Астанамыздың төріндегі өмір ағашы - Бәйтерек  кешенінің  пайда  болуына  негіз  болған Ер-Төстік  және Асыл құс жайлы ертегілерді ата-ана, құрбы- достарыңыздан талай естіген болуларыңыз керек..
                                                        Қымбатты балалар!

           Бәйтерегіміз сияқты сиқырлы ертегілер еліндегі саяхаттарыңыз әсерлі болсын!