homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостей«Абай: Кеше. Бүгін. Ертең»

«Абай: Кеше. Бүгін. Ертең»

– А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкерлері онлайн-режімде ұйымдастырып, өткізген Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған форсайт-форум осылай аталады. 2020 жылдың 18-22 мамыры аралығында өткен форсайт-форумның виртуалды алаңында белгілі қазақстандық ғалым-абайтанушылар, журналистер, оқытушылар, сондай-ақ, өз кәсіби қызметі аясында Абайды зерттеп жүрген мәдениет қызметкерлері мен мамандар баяндамалар жасап, интерактивті дәріс, сұхбаттар өткізді. 

espenbetov2Форсайт-форумның баяндамалар сериясын құрметті қонағымыз, Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің (Семей қ.) профессоры, филология ғылымдарының докторы Еспенбетов Арап Слямұлы ашты. Ғалымның «Абайтанудағы жаңа ізденістерге бастайтын жол» атты дәрісі тыңдармандар қызығуын оятып, Қазақстандағы абайтану ілімінің даму векторлары туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Виртуалды форумның басталған сәті Халықаралық музей күнімен дәл келді –18 мамыр күні форсайт-форумды Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени ж

meiramgul

әне әдеби мемориалдық қорық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейтжапарқызы жалғастырды. Музей ісінің білгір маманы музей-қорықтың ғылыми әлеуеті, Абай мен оның отбасының өмір тарихына байланысты жаңа мерейтойлық экспозиция жайында әңгімеледі. Сонымен бірге, Мейрамгүл Сейтжапарқызы Абайдың туған жеріндегі тарихи-мәдени нысандарды аббаттандыру және жаңғыртуға арналған жоспарлар туралы айтты.

 

erlanТыңдармандар әсіресе, дәстүрлі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқалидың «Әнді сүйсең, менше сүй...» атты шағын-концертіне ризашылық білдірген комментарийлер жазды. Ерлан Рысқали Абай әндерін шебер орындаумен бірге, әндердің шығу тарихына тоқталды. Әнші өз концертін «Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй» деген Абайдың даналық ойымен аяқтады. 
Абайдың жан-жақты дарыны, рухани ой-өрісі, ақындық әлемінің кеңдігі мен тереңдігі, интеллектуалдық құдірет-күші филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Алшынбекұлы Шойынбет, ғалым-абайтанушы, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Алмахан Мұхаметқалиева, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушысы, Ph.D, филология ғылымдарының кандидаты Люция Ильдаровна Абдуллина, Шәкәрім атындағы университеттің доценті, Ph.D, филология ғылымдарының докторы Аубакирова Қарлығаш Әділханқызымен болған тікелей эфирлер арқауына айналды.
Тақырып жағынан бір-бірімен үндесіп, бір-бірін жалғастырып, толықтырған спикерлердің мағлұматтары пайдаланушылар үшін мазмұнды танымдық интерактивке айналды.omar zhalel
Виртуалды форсайт-форум белгілі ғалым-абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Омар Жәлелұлының «Абай және қазақ мәдениеті» баяндамасымен жалғасты. Ғалым-абайтанушы Абайдың қазақ халқының рухани қазынасына қосқан үлесі туралы ерекше әсерлі шабытпен баяндағаны сонша, Омар Жәлелмен болған тікелей эфирді бір сәтте Қазақстанның әр түкпірінен он сегіз мыңнан аса адам қарап, тыңдады. Бұл – осы тақырыптың өзектілігі мен тыңдарман қызығуының көрсеткіші деп ойлаймыз.
katiza2Абайтанушылардың тәуелсіздік жылдары жарық көрген ғылыми зерттеулері Абай өмірінің кейбір беймәлім жақтарын ашуға мүмкіндік берді. Ұлы ақынның өмірі, оның отбасы мен жақын туыстары туралы танымдық жайларды ҚР білім және ғылым министрлігінің «Білім саласының үздігі» төсбелгісі иегері, оқытушы-әдіскер, Күршім ауданының Құрметті азаматы, кітапхана волонтері Сарипова Қатиза Байбазаровна әңгімеледі. Қатиза Байбазаровнаның тартымды әңгімесі ақынның жеке тұлғасы мен мінезін қалыптастырған өскен ортасын көз алдыңа әкеледі.
Ал, әңгімешінің әсерлі сөйлеу мәнері онлайн қатысушылардың көптеген лайктары мен комментарийлеріне ие болды.

Абай – қазақ жерінің кемеңгер ұлы және ғаламдық деңгейдегі тұлға. Ұлы ойшылды бүкіл әлемге таныту – «Біздің Абай»/«Наш Абай» электронды кітапханасының негізгі міндеті. Форсайт-форумда А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының интеллектуалдық өнімін А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапхана директорының орынбасары Сакпанова Жанна Серикжановна және библиограф Жайлибаева Меруерт таныстырды. Қазіргі күні электронды кітапханада 2000 жуық дереккөз әлемнің 28 тілінде ұсынылған. Электронды топтамада Абайдың 1909 жылы жарыққа шыққан тұңғыш кітабынан бастап қазіргі күнге дейінгі барлық дерлік шығармалары қамтылған. Қазір электронды кітапхананы толықтыру жұмыстары жалғасуда.
Форсайт-конференцияның резюмесі ретінде «Абай – ұлттың мәдени капиталы» лейтмотивімен екі тікелей эфирді атауға болады. Спикерлер – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғалым-абайтанушы, профессор Картаева Айжан Маратбекқызы және «Абай» фольклорлық-этнографиялық, әдеби-көркем журналының бас редакторы Оспанов Мұратбек Қабиденұлы Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде бүкіләлемге кеңінен ұсыну қажет екенін, әлем елдерінде Қазақстан атауы аталғанда бірден Абайды еске алудың маңыздылығы жайында ой қозғады. Өйткені Абайдың өлеңдері, әндері мен қара сөздерінде қазақ халқының ұлттық ерекшелігі, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы, сенімі мен тілі, ұлттық рухы айқын сезіледі.

Апта бойы форсайт-форумға онлайн түрде мектеп оқушылары, студенттер, педагогтар мен шығармашылық өкілдері, сонымен бірге, белсенді, білімқұмар, ізденгіш адамдар қатысты. Өйткені, қай уақытта болмасын Абай даналығы уақыт көшімен үндесіп, жаңа сезімдерге, асыл ойларға, шығармашылық пен өзін-өзі дамытуға жетелейді!

                                                                                        
                                                                                                       
 

konvertor