«Көкжарлы Көкжал Барақ» кітабының тұсаукесері өтті
- Толығырақ
- Құрылды 18.04.2022 09:58
Биылғы жылы Абылай ханның қаһарман сарбазы, үш жүзге мәшһүр тұлға, есімі ұранға айналған Барақ батырдың туғанына 320 жыл. Осыған орай, 16 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Көкжарлы Көкжал Барақ» кітабының тұсаукесері өтті.
Жаңа кітаптың авторы Қайырбаев Танаш Мәлғаждарұлы – Көкжал Барақ батырдың жетінші ұрпағы, Күршім ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі, жоғары санатты ұстаз. 1991 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Теректібұлақ ауылында тұңғыш тарихи-өлкетану мұражайын ашқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде «Біз Көкжал Барақ батырды білеміз бе?», «Көкперілі Көкжал Барақ батыр» мақалалары басылып шықты. Батырға қатысты «Жебенің ұшы», «Төрт қалмақ», «Ханым бейіті» өлеңдері «Қыран батырдың жас Бараққа 1723 жылы берген бата-толғауы» аудандық газет беттерінде жарық көрген. Қазіргі уақытта да Барақ батыр жайлы жазған мақалалары мерзімді басылымдарға үнемі жарияланып жүр. Ақсақалдардың айтуымен Барақ батырдың бейнесін сала отырып, Күршім ауылындағы батырдың ескерткішін жасауға белсене атсалысты.
Көкжарлы Барақ – қазақ тарихындағы ұлы қаһарман тұлға. Танаш Қайырбаевтың шығармасында Көкжалдың балалық шағынан бастап, қырғыз жерінде ақырғы демі үзілгенге дейінгі ерлікке толы бүкіл ғұмыры сомдалған. Кітаппен танысқан оқырман Барақ батыр ғана емес, сол тұстағы былайғы жұрт біле бермейтін басқа да көптеген батырлармен танысады.
Көне дастандарда аты Қабанбай, Бөгенбайлармен қатар айтылып жүргенімен, батырға арналған сүбелі романдар әлі жазылған жоқ.Оқырманға жол тартқан «Көкжарлы Көкжал Барақ» кітабы – әйгілі Барақ батырға арналған алғашқы әдеби мұралардың бірі деп айтуға болады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
![]() |
|
|
Байланыс тел.: 26-13-33 (ішкі. 119)