|
Қайта құру заманындағы кітапхана пионерлері
90-жылдардың басы. Қиын да аласапыран – түбегейлі алмасу кезеңі. А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында да біршама өзгерістер болды, соның ең бастысы – жаңа директор. 1992 жылы кітапхана директоры болып – Ақжігітова Қабиба Мырзақанқызы тағайындалды.

Біз сол кезеңнің облыстық газет беттерінен кітапхана жайлы ақпарат таптық. «... Кітапхана жыл сайын 600-ге жуық кітап пен журнал тапсырыстарын орындайды... Кітапханада 12 бөлім жұмыс істейді... автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесін енгізу қолға алынған... ұжым иеліктің жаңа талаптарына көшті. Кітапхана ақылы қызмет көрсете бастады... Біз Сіздерге ескі кітап, журнал, грампластинкаларды сатуға көмектесеміз... үй-жайларды жалға береміз. Кітапхана әдебиеттердің дублетті және аз қолданыстағы нұсқасын сатуға мүмкіндік алды. Біз ұйымдармен қызметтестікке үлкен үміт артамыз... іскери ұсынысымыз – бізге демеу жасаңыздар!»
1996 жылы кітапхана өзінің 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Осы орайда көптеген құттықтау, сыйлықтар табыс етілді. Дегенмен, басты сыйлықты – Қ.М.Ақжігітова жасады.


Қ.М.Ақжігітова өзінің бір сұхбатында алдағы міндеттерді атап өткен болатын: «... өңірлік автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық желі құру, кітапхана мүддесін қорғау, кооперациялар есебінен оның мүмкіндіктерін кеңейту, халықаралық байланысты жетілдіру, маман даярлау деңгейін көтеру ...».



1997-1999 жылдар - кітапхана тарихына Интернет жүйесінің енуімен белгілі. Мұнда Республикадағы ең алғаш кітапхана ісіне байланысты жаңа технологиялар меңгеріліп, қолданысқа енді. Бұл жерде - Сорос қорының гранты нәтижесінде, Қазақстандағы алғаш пайдаланылып, оқытылатын кітапханалық Интернет-зал ашылды.
1999 жылы кітапхана интернет-класс ашуға грант ұтып алып, В.Степановты кітапханашыларға Интернетте тиімді іздеу бойынша тренинг өткізуге шақырды.

Бүгінгі күнге дейін кітапханашылардың Интернет-мектебі Қауымдастықтың жыл сайынғы іс-шарасына айналды. Мақсаты – Интернетте ақпаратты кәсіби іздеу дағдысын жетілдіріп, оның технологияларын тұрғындарға ақпараттық қызмет көрсету үшін енгізіп, пайдалану.
Кітапханада ақпараттық технология саласының соңғы жетістіктерімен бірге оқырмандармен дәстүрлі жұмыс түрлері де жүргізілді. Мәселен: кездесулер, жаңа кітап тұсаукесерлері, әдеби кештер т.б. Осылайша, фантасттардың басын қосқан «Әлем қиылысы» клубы 18 жыл жұмыс істеп келген. 1996 жылы кітапханада егде адамдар үшін «Достар ортасында» клубы құрылды. Бүгінгі күні бұл Әдеби-музыкалық салонда жаңа кітаптар орын тауып, жазушы, ақындармен кездесулер өтікізіліп, қойылымдар қойылады.
Материал А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы, ШҚО Мемлекеттік мұрағаты,
ШҚ тарихи-өлкетану мұражайы қорларының негізінде әзірленді.