Желтоқсан 2019
![]() Киелі Алтай
Шығыс Қазақстанның байлығы: табиғат сұлулығы, көрікті жерлері, сирек және түсті металдар, халқы туралы фотоальбом. |
![]() Маратбек Қамзаұлы Ақанов
Аталмыш еңбекте ру-тайпа тауларының шығу тегі туралы ауыз әдебиеттердегі мәліметтермен ұштастыру арқылы ғылыми талдау жасаған. |
![]() Латын әліпбиі:
Ғылыми жинаққа қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты жұмыстардың барысы туралы еңбектер енгізілген. Еңбекте әліпбидің емле ережелері, насихат шаралары берілген. |
![]() Тарбағатай ауданы жер-су атауларының сөздігі
Қазақ халқының ғасырларбойы жүріп өткен жолының небір құндылықтарын бойына сіңірген тілдік жәдігер. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қараша 2019
![]() Ілияс Ахметұлы
Автор ХХ ғасырдағы қоғам қайраткері, журналист, оқытушы, шығыстанушы Ілияс Ахметұлы қазақ тарихына, "қазақ" сөзіне қатысты материалдарды өз бетінше жинақтап, зерттеу жүргізген. Еңбек 1934 жылы жазылып, қолжазба күйінде сақталған. Еңбек алғаш рет латын әліпбиінен кирил әліпбиіне аударылып беріліп отыр. |
![]() Мұқағали тілі сөздігі
Синтездік (түсіндірме мен жиілік) сөздікте тұрақты тіркес түгел қамтылған. Тірлік бірліктердің әрқайсысына анықтамалар беріліп, мысалдар келтірілген. Мұқағалидың қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі мен орны айқындалған. |
![]() Мұқан Төлебаев
Мұқан Төлебаевтың отыз төрт шығармасы халық аспаптар ансамблінің қолдануына, арнаулы оқу орындарының музыкалық мамандарына, дирижерларына, жалпы әнсүйер қауымының репертуарларына пайдалануға ұсынылып отыр. |
![]() Фольклорлық мұралар: жиналу, жариялану тарихы
М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы қолжазбаларда, сирек басылымдарда жинақталған ертегілердің, аңыздардың, хикаяттардың, жұмбақтардың, жырлар циклының жиналу және жариялану тарихы қарастырылған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қазан 2019
![]() Нұржан Қуантайұлы
Белгілі қаламгер, ғалым Нұржан Қуантайұлы бұл еңбегінде Ж. Аймауытұлының көсемсөз шығармашылығын жан- жақты, толық зерттейді. |
![]() Нәзира Рахманқызы
Кітап жалпы ұлттық кино өнерінің кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертеді. |
![]() Дәнеш Ахметұлы
Бұл жинаққа автордың заманауи ертегілері енгізілген. Қазіргі сандық технологияның даму заманында жас сәбилердің ой-өрісін дамытып, олардың даму психологиясына әсер ету оңай емес. Аталмыш кітапша әсем көрнектелген. |
![]() Бейбіт Қойшыбаев
Қазақ халқының қалыптасуы, этностық атауымен мемлекеттігін құру, жалпы алаштық идеяның өміршеңдігінмен таныстырады. Кітап Алаш-Орданың ғасырлық мерей тойына арналған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қыркүйек 2019
![]() Немат Келімбетов
Профессор Немат Келімбетовтың еңбегінде сақтар мен ғұндар дәуірінен баcтап ХVІ ғасырға дейінгі кезеңдерде пайда болған әдеби шығармалар хронологиялық ретімен берілген. |
![]() Советхан Қалиғожин
Ұсынылып отырған материалдар мұғалімдердің кәсіби іскерлігін, біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге арналған. |
![]() Бексұлтан Нұржеке-ұлы
Жинаққа әр жылдарда қазақ халқының тарихына қатысты жазған мақалалары мен зерттеулері жинақталған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Шілде 2019
![]() Шөптібай Байділдин.
Халық шеберінің көп жыл ізденіп ұлттық нақыштағы жасаған ою- өрнектері әртүрлі тақырыптарға бөлініп берілген. |
![]() Келденбай Өлмесеков
Жинақта жерлесіміз танымал әнші К. Өлмесековтің орындауында бізге жеткен Шәкәрім әндері мен Шыңғыстау өңірі, Абай айналасындағы әнші- композиторлардың әндерінің нотасы, әндер тарихы,әнші жайында мақалалар, естеліктер, сыр- сұхбаттар, әншіге арнау өлеңдер топтастырылған. |
![]() Тұрсынғазы Рахимов
Жинақта жерлесіміз әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың өмірі мен өнер жолы, әндерінің тарихы, ол туралы мақалалар мен естеліктер, сыр-сұхбаттар, әндер мен арнау-өлеңдер топтастырылған. |
![]() Мәдениет Ешекеев
Жинақта әншінің орындауындағы бізге жеткен барлық әндері жинақталып, нотаға түсіріліп, берілген, өмірі мен өнер жолы, әнші жайындағы жазылған мақалалар, естеліктер, арнау өлеңдер топтастырылған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Маусым 2019
![]() Жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне арналған тренингтер
Жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне арналған тренингтердің әдістемелік материалдары енгізілген. |
![]() Уанбаев Е. Қ.
Дене тәрбиесі сабағы және спорт жаттықтыруларын оқу орындары мен спорт мектептерінде оқыту үрдісі туралы мәселелер кеңінен қамтылған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі