phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Тұмандағы оттар»

«Тұмандағы оттар»

2 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жазушы жерлесіміз Гүлжан Қазимованың «Тұмандағы оттар» кітабының тұсаукесері өтті.

Шығармалары республикалық байқауларда көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болып жүрген, алғашқы әңгімелер жинағымен оқырманын елең еткізген Гүлжан Қазимованың екінші кітабы оқырманға жол тартты.
Қазимова Гүлжан Ахметбекқызы – ШҚО Мәдениет басқарамасының «Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің» басшысы, «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша лауреаты (жүлделі 3-орын), «Журналистика» номинациясы бойынша дипломанты, «Абай әлемі» облыстық конкурсының дипломанты, Павлодар облысында өткен Қадыр Тайшықов атындағы республикалық сатириктер конкурсының арнайы жүлдесінің иегері. Осыған дейін «Қызғалдақ ғұмыр» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. Әңгіме, новеллалары респбуликалық «Қазақстан әйелдері», «Таң шолпан», «Жұлдыз» журналдарында, сондай-ақ, әр жылдары жергілікті облыстық «Ақ Ертіс» журналы мен «Дидар» газетінде жарияланып келді.
Кітапқа Г. Қазимованың бірнеше әңгімесі мен Оскар Уайльдтан аударған «Бақытты ханзада» аудармасы, өзінің айналасындағы жерлестері туралы новеллалары енген. Өлкеміздегі проза жанрында қалам тартып жүрген қабырғалы қаламгерлердің жалғасы ретінде өз оқырмандарының сүйікті жазушысына айналған Гүлжанның әңгімелері шынайы, бояуы қанық. Әсіресе, әйел жанының жұмбақ қалтарыстарын суреттеуде, нәзік жаратылыстың сүйініші мен күйінішін, бірде көл, бірде шөл тағдырдың жарылқау мен жабырқауын жайып салатын психологиялық иірімдері – жазушының қаламгерлік батылдығын көрсетеді.
Сонымен қатар Гүлжан Ахметбекқызы – ұлт тағдыры мен тіл тағдырының жанашыры, ұлтжанды қайраткер, азамат жазушы.

Kazimova 1 Kazimova 2 Kazimova 4 Kazimova 5 Kazimova 6 Kazimova 7
Kazimova 8 Kazimova 9 Kazimova 10 Kazimova 11 Kazimova 12 Kazimova 13

 

Байланыс тел.: 261-333


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp