2 қазан күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында қазақ хоккейінің тарихы мен оның көрнекті өкілдеріне арналған «НеповТОРимый хоккей» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.
2 қазан күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында қазақ хоккейінің тарихы мен оның көрнекті өкілдеріне арналған «НеповТОРимый хоккей» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.
8 қазан күні сағат 14.00-де кітапханада ақын, аудармашы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет, Ақпарат салаларының үздігі Саят Қамшыгермен «Бұл күз басқа… әдемірек, өзгерек» тақырыбында кездесу кеші өтеді.
30 қыркүйек күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жаратылыстанушы ғалым Жылқыбаева Мағрипа Шөжеғұлқызының 80 жылдығына орай «Алтын адам аманатын арқалаған ғалым» атты дөңгелек үстел өтті.
7 қазан күні сағат 14.00-де кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, әдебиет, тарих зерттеушісі, сыншы, Қазақстан Жазушылар одағы және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының, ҚР Тарих және Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Жәди Шәкенұлының «Қан кешкен ханзадалар» кітабының тұсаукесері өтеді.
24 қыркүйек күні «KitapTime - 2025» жалпы республикалық акциясы аясында кітапханада кітап фестивалі өтті. Фестиваль Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді.
19 қыркүйекте А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Шемонаиха аудандық кітапханасының қызметкерлеріне арналған кәсіби тағылымдама өтті. Кездесу анықтама-библиографиялық қызмет көрсетуден бастап цифрлық жобалар мен инновациялық технологияларды енгізуге дейінгі кітапхана ісіндегі заманауи тәсілдерге мәселелерге арналды.
24 қыркүйек күні кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымал журналист, шоқантанушы, зерттеуші ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жарылғап Бейсенбайұлымен «Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі» атты онлайн сұхбат өтті.