phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz

phone i  9:00-19:00

New books

Жаңадан түскен кітаптар

Алмас Ахметбекұлы
Жұмекеннен 100 өлең

Автор Жұмекен Нәжімеденовтың поэзиясына талдау жасаған. Ақынның өлеңдегі формасы, стилі және ой-өрнегі өзгеше ақын екенін сөз етеді. Тіліміздің соншама бай құбылыс пен терең түйсіктерге дейін бейнелей алатын сұлу қасиетін көрсетеді.

Жаңадан түскен кітаптар
Уәлихан Қалижанов
Жамбыл
 
Автор "Жамбыл" атты роман-этюді жыраулық, айтыс өнерінің көрнекті өкілі, ғасыр Гомері атанған, екі заманның куәсі Жамбыл Жабаевтың өміріне арналған.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Талғат Айтбайұлы
Желтоқсан көтерілісі

Айғақ-кітаптың төртінші томына қантөгі сарпалысының тек Алматыда ғана емес, көптеген облыс, аудан орталықтарында, ауылдық жерлердің өзінде өшпес із қалдырғанын айғақтайды.
Жаңадан түскен кітаптар

Жұлдыз Тойбек
Руханият

Кітапта елдің рухани даму мен кемелдеуіне үлес қосқан қайраткерлердің еңбектері топтастырылған.



Жаңадан түскен кітаптар

Бейбіт Қойшыбаев
Тәуелсіздік тамырлары

Қазақ Ордасы дәуірінен, Алаш Ордасы құрылғанға дейінгі кезеңдерден ақпарат берілген. Екінш бөлім - Кеңес заманындағы билеуші партияның қасіретті оқиғалары, Тәуелсіздік дәуірінің кей сәттері үшініші бөлімде, ал төртінші бөлімде кеңестік дәуірдің террорлық құрбандарымен таныстырылған. "Тағзым" бөлімініде ел тарихындағы оқиғалар, атаулы даталар ұсынылған.



Жаңадан түскен кітаптар

Дулат Исабеков
Театр және кино әлемі

Танымдық еңбектің бірінші бөлімінде саланың қыр-сырлары мен құпиясын ашса, ал екінші бөлімінде әлемдік кино шеберлерінің қиындықтарды жеңу мақсатындағы еңбектері қызғылықты жазылған.



Жаңадан түскен кітаптар

Амангелді Айталы
Ұлттану

Оқулықта ұлттық қасиеттер мен құндылықтар, ұлттық мемлекет, мәдениет, идеология, дін, тәрбие секілді өзекті мәселелер ұлттану теориясы негізінде жазылған еңбек.



  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Жаңадан түскен кітаптар

Джеймс Клир
Атом-әдеттер

Автор ғылыми мәліметтер мен табысты адамдардың тәжірибесіне сүйене отырып, адамның өз бойына жақсы әдетті сіңірудің жолдарын баяндайды.

              

 

Жаңадан түскен кітаптар
Бройнинг  Лоретта Грациано.
Бақыт гормондары
 
Миды серотонин, дофамин, эндорфинжәне окситоцин бөлугеқалайша үйретуге болады?

Кітапта миды қалай "жаңартып", қалай белсенді болу туралы баяндалған. Сонымен қатар жаңа әдеттерді қалыптастырудағы жаттығуларды көрсетіп берген.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Тұрсын Ғабитов
Қазақтану: Тарих философиясы

Бұл еңбекте қазақтың тарих философиясының қалыптасуы мен дамуы әлеуметтік-философиялық білім тұрғысынан талданады.

Жаңадан түскен кітаптар

Анжела Дакуорт
Табандылық :құштарлық пен төзімділік қуаты

Психологтардың зерттеуіне сүйене отырып, табысқа қол жеткізудегі екі қасиетті дамытудың нәтижесі мысалдармен баяндалған.

Жаңадан түскен кітаптар

Оразалы Сәбден
Ойлысөз

Автор бұл кітабында ХХІ ғасырда жаңа өркениетке кіру үшін ұлы Абайдың философиялық ой-толғамын негізге ала отырып, өзінің "45 Ойлы сөзін" қалың оқырман қауымға ұсынады.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Жаңадан түскен кітаптар

Ермұханбет Қуандық
1 жыл 11 ай 3 күн

Автор бұл кітабында Желтоқсан көтерілісін көзімен көріп, куәсі болған оқиғаларын боямасыз, нақты деректі дәйектер арқылы жүйекті, тартымды баяндайды.

              

 

Жаңадан түскен кітаптар
Баумайстер Рой
Ерік-жігер. Өз өміріңді бақылай біл
 
Кітаптың авторлары өзін-өзі тәрбиелеудің қарапайым тәсілдерін ұсынады.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Дуэк Кэрол
Ойлау. Табысқа жетудің жаңа психологиясы

Туындының негізгі ойы өзімізге етене таныс "талап, еңбек, терең ой" идеясымен де астарласып тұр. Мақсатқа жету жолында ойлау үлгіңізді өзгертіп, табысқа, кемелдікке жетіп қана қоймай, қоғамға өлшеусіз үлесіңізді қоса аласыз.

Жаңадан түскен кітаптар

Пири Мэдсен
Пікірталас өнері. Қателесіптұрсаңыз да, жеңіскежетесіз!

Логиканы және оның "рұқсат етілмеген" әдістерін қолданып, кез келген пікірталаста, дауда жеңіске жетудің жолдарын үйрететін кітап.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Жаңадан түскен кітаптар

Айжұлдыз Адайбекова
SUP JULIE. Ай-дара, өз даралығыңа ұмтыл.

Автор өз кітабында өз кейіпкері бола отырып, басынан өткен қиыншылықтарын, отбасылық проблемаларын және басқа да көптеген "қалай" деген сұрақтарға жауап береді.

              

 

Жаңадан түскен кітаптар
Ғабдулла Тоқай
Таңдамалы шығармалары
 
Татар халқының ұлы ақыны Ғ. Тоқайдың өлеңдері, прозалары мен поэмалары, балаларға арналған өлеңдері мен ертегілерінің аудармалары хронологиялық тәртіппен берілген.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Ахмет Байтұрсынұлы
Он екі томдық шығармалар жинағы

 

Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағының бірінші кітабында "Қырық мысал" жинағының әр жылдардағы басылымының алғашқы 1909 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында берілді.

Екінші кітапқа "Маса" жинағының 1922 жылғы нұсқаның мәтіні бүгінгі жазумен берілген.
Үшінші томға оқу құралы: қазақша әліппесі (1912), Әліп-би(1926) атты оқулықтарымен қатар осы оқулықтардың кейінгі басылымдарының факсимилесі енген.
Төртінші томға "Тіл-құрал" жинағының бірінші, екінші, үшінші жылдық кітаптары топтастырылып, факсимилелері берілген.
Бесінші томға "Оқу құралы: қазақша алфбаға байаншы"(1921), "Сауат ашқыш"(1926), "Шура" журналы, "Қазақ" газетінің оқу- ағарту мәселелері көтерген мақалалары топтасқан.
Алтыншы томға "Шаруалық өзгеріс" қолжазбасы, "МОПР һәм Күншығыс елдерінің еңбекшілері", "Соғыс қаупі мен жұмыскер табының міндеті" атты аудармалары енген.
Жетінші кітапқа автордың қазақтың "Ер сайын" атты еңбегінің 1923 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз- қалпында ауыстырылып, факсимилесі оң қапталына берілді.
Шығарманың 8-ші томына қазақтың 400 жылдық тарихы қамтылған “23 жоқтау” атты еңбегінің 1926 жылғы нұсқасы берілген.
Тоғызыншы томда "Әдебиет танытқыш" атты зерттеуі берілген.
Ахмет Байтұрсыновтың 12 томдық шығармалар жинағының оныншы томына үзеңгілес шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге 1927 жылы жарияланған "Оқу құралы" кітабының мәтіні жарық көрген.
Он бірінші томға " Оқу құралының" екінші бөліміндегі 119 тақырып (оның 14 өлең), мәтіндерімен кітаптың екінші жартысына факсимиле түрінде берілген.
Он екінші томына “Тіл-жұмсар” атты әдістемелік құралы, "Әліпбе айтысы"(1927) жинағына енген "Араб әліп-биін жақтаған байандамасы" және 1923-1929 жылдар аралығында шыққан мақалалары мен мұрағаттық деректері қамтылған.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp