phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

  «Мәртебелі кітап»:  балалар кітабының апталығы

«Мәртебелі кітап»: балалар кітабының апталығы

Халықаралық балалар кітабы күні – балалар әдебиетіндегі айтулы оқиғалардың бірі. 2024 жылғы 2-7 сәуір аралығында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана өз оқырмандарын балалар кітабы мерекесіне орай «Мәртебелі кітап» атты танымдық мерекелік апталық өтті. 

Бүгінгі бала – ертеңгі тұлға. Алғыр да озат, ақылды да білімді ұрпақ – жарқын болашағымыздың кепілі. «Білімнің бас құралы – кітап» -  деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімді ұрпақ тәрбиелейміз десек, баланы кішкентай шағынан кітап оқуға баулығанымыз абзал.

Кітапханадағы мерекелік бағдарламаны жас оқырмандарға арналып ерекше жасақталған «Ұлы Мәртебелі кітап» Flashbook интерактивті кітап көрмесі  ашты. Көрмеде кітапхана қорын толықтырған балалар әдебиетінің жаңа танымды да қызықты үлгілері – кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына айналған «Big dream» баспасынан жарық көрген анимациялық  4D кітаптар, тактильді кітаптар, жаңа форматтағы басқа да басылымдар ұсынылды.

 Ал «Кітап сән көрсетіліміне» қатысушылар кітапхана қорында сақталған сирек қор мен бағалы кітаптарды тамашалап, «Шеберлер мектебінде» әдеби кәдесыйлар жасау шеберлік-сағатына қатысты.

 Білім орталығының белсенді оқырмандары өздерінің ең сүйікті кітаптарын «Кітап аукционына» шығарып, оған оқырман жинауда бәйгеге түсті.

Жас оқырмандар өздері оқыған ертегілердің авторлары – жерлес балалар жазушылары Күлмай Сембаева, Бану Ахметбекова, Кәмшат Нұғымановамен  кездесіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, емен-жарқын сұхбат құрды.  

Бастауыш сыныпта оқитын арманшыл жас балғындар «Өз оқиғаңды жаз» шығармашылық зертханасында қиялдарына ерік беріп, ойдан өз ертегілерін жазды.  Кітап кейіпкерлері балалардың көмегімен қуыршақ театры кейіпкерлеріне айналды

 «Ертегітерапияда» ертегі арқылы шығармашылық қабілет пен сананы дамытуға бағытталған психологиялық ойындар ойнатылып, психолог маман «Баланың оқуға деген қызығушылығын қалай арттыруға болады» тақырыбында кеңестер берді.

Мереке барысында мектеп оқушылары биыл 100 жылдық мерейтойы аталып өтетін балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналған әдеби сағатқа қатысып, өз ойларымен, әсерлерімен бөлісті.

Жас оқырман бұл мерекеге қатысу арқылы кітапханадағы бай кітап қорымен танысып, өз таным көкжиегін кеңейетіп,  сиқырлы кітаптар әлеміне саяхат жасады. 

 NDK 3  NDK 1  NDK 5  NDK 4  NDK 9
 NDK 8  NDK 2  NDK 7  NDK 10  NDK 11

 

Байланыс тел.: 26-13-33


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp