phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«KITAP шоу - 2024»  жалпы республикалық кітап фестивалі

«KITAP шоу - 2024» жалпы республикалық кітап фестивалі

23 сәуір күні «KITAP шоу – 2024»  жалпы республикалық акциясы аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған кітап фестивалі өтті.

Мақсаты – халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдердің сауаттылығын арттыру мен кітап оқу мәдениетін дамыту.

Кітапхана қонақтары «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» интернет-порталы және жасанды интеллекттің көмегімен «жандандырылған» өлкеміздің аңыз-әңгімелеріне негізделген суреттер көрмесі ерекше қызығушылық танытты. Интернет-порталдың https://anyz.pushkinlibrary.kz мақсаты – өлкеміздің халық мәдениеті туындыларын, сақтау және дәріптеу. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысына байланысты халық арасында сақталған аңыз-әңгімелерді жинақтау, сақтау және дәріптеу.

Фестиваль аясында қонақтарымыз қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстел отырысына қатысып,  «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» интерактивті кітап көрме-энциклопедиясымен танысты.

Қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары үшін  «Абай және Пушкин: ұлылар үндестігі» зияткерлік ойыны өтті. Қатысушылар классиктердің  мұрасына тереңірек зерттеді.  Ойын барысында ойыншылардың адал көмекшілері кітаптар болды. Балалар ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармаларын зерттеуде, кітаптармен жұмыс істеп, ақпаратты жылдам таба білуде сайысқа түсті. Топ мүшелері мен көрермендер өз білімдерін тексеріп қана қоймай, толықтырып, көптеген жаңалықтар ашты.

Сондай кішкентай оқырмандарымыз шеберлік-сағаттары мен әдеби ойындарға ерекше қызығушылықпен белсенді қатысты. Балалар қазақ ақыны және аудармашысы, әдебиеттанушы, балалар жазушысы Музафар Әлімбаевтың шығармашылығымен танысты.

Сондай-ақ, балалар өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып, заманауи балалар көркем әдебиетінің жаңалықтарын қызығушылықпен тыңдады. Көрмеде ұсынылған көптеген кітаптардың ішінен әрқайсысы өзіне ұнағанын таңдап, осы кітаптың оның назарын қалай аударғанын айтты. Кітап мерекесі қызықты әрі пайдалы өтті.  Құрметті оқырмандар! Күн сайын дерлік кітапхана қабырғасында және оның виртуалды алаңдарында түрлі мәдени іс-шаралар өтеді. Біз сіздерді кездесулер, презентациялар, тілдік клубтар, курстар мен тренингтердің қонақтары мен қатысушылары болуға шақырамыз. Бұл Сіздердің уақыттарыңызды қызықты әрі пайдалы  өткізуге тамаша мүмкіндік!


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp