phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Қазақ күресінің саңлағы»

«Қазақ күресінің саңлағы»

19  маусым күні Пушкин атындағы облыстық кітапханада жерлесіміз, Катонқарағай ауданының турмасы Талғат Қашқынбаевтың «Қазақ күресінің саңлағы» кітабының тұсаукесері өтті.

Қашқынбаев Талғат Саккоұлы - 1985 жылы әскери қызметтен босап, елге келген соң, құрылыс саласында түрлі мекемелерде жұмыс істеді. 2007 жылдан бері жобалау мекемелерінде бөлім бастығы, бас инженерлік, директор қызметін атқарды. Әртүрлі тақырыптарға өлеңдер, шағын әңгімелер жазумен айналысады. «Өмір жайлы ойлар», «Тұнық бастаулар» кітаптарының авторы.

Жаңа кітаптың басты кейіпкері - қазақ күресінен Қазақ КСР-ның тұңғыш спорт шебері, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, республикалық санаттағы төреші Қылаң Бақыжанов.

Оның балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіп, еңбекпен біте қайнасып өсті. Шыңғыстайдағы Әбдікерім болыстың мектебінде оқыған. Қылаң Бақыжанов 50-60 жылдары есімі елге кеңінен танылған балуан болды. Ол Қазақ КСР-ның 7 дүркін және Орта Азия мен Қазақстанның 2 дүркін чемпионы. Тау тұлға 16 жыл Қарағанды облысының спорт федерациясын басқарған, 40 жыл шахтада жұмыс жасаған.

Кітаптың алғашқы бөлімінде Қылаң Бақыжанов туралы естеліктер айтылады. Екінші бөлімінде Қылаңның туып-өскен ортасы Бақыжановтар әулетінің шежіресі мен белгілі азаматтарының өмірбаяны келтірілген. Ал, үшінші бөлімде кейіпкеріміздің оқырмандарға және кейінге жастарға қажет болар деген оймен қолжазба түрінде түртіп алған мақал-мәтелдері жарияланып отыр.

Оқырман Бақыжан әулетінің ата-тегі туралы және осы әулеттен шыққан, елге елеулі еңбегі сіңген тұлғалардың өмірбаянын оқи отырып, сол дәуірге сапар шегеді. Кітапта сонымен қатар Сталиндік зобалаң жылдардағы ұлт басына түскен ауыртпалық, әке мен ағадан тірідей айырылып, жетімдік көрген жандар тағдыры туралы қалам тербеледі.

Тұлғалар арқылы өлке тарихын танимыз.  Қазақтан шыққан тұңғыш спорт шебері туралы білгісі келген кітапсүйер қауымды жаңа кітаппен танысуға кітапханаға келіңіздер!

 19.06 1  19.06 3  19.06 4 19.06 6   19.06 5  19.06 7
 19.06 8  19.06 9  19.06 10  19.06 13  19.06 12  19.06 11

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp