phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

                              «Білім академиясы» тақырыбындағы қызықты КВИЗ-ге шақырамыз!

    «Білім академиясы» тақырыбындағы қызықты КВИЗ-ге шақырамыз!

    А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасының  Білім орталығы 10-11 сынып оқушыларын 24 қантар  сағат 15.00-де өтетін "Білім академиясы" интеллектуалдық КВИЗ-іне қатысуға шақырады.

    КВИЗ – бұл өз біліміңізді, шығармашылық ойлау қабілетіңізді және топтық жұмыс істеу дағдыларыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік!

    Бағдарламада:

    • түрлі тақырыптардағы интеллектуалды викториналар;
    • логикаға арналған қызықты конкурстар мен тапсырмалар;
    • шығармашылық әлеуетті ашатын танымдық ойындар.

    Шараның мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық дамуына ықпал ету, аналитикалық ойлау қабілеттерін ашу және топта жұмыс істеуді үйрету.

    Форматы: Қатысушылар топтарда жарысады. Конкурстар тарих, ғылым, мәдениет және өнер сияқты түрлі білім салаларын қамтиды. Жеңімпаз топтар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады!

    Қызықты уақыт өткізіп, жаңа біліммен қарулануға асығыңыз!

    " Білім академиясы " КВИЗ-іне келіңіздер! Біліміңіздің күш екенін дәлелдеңіздер!

     


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp