phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

    Сәменбет Нұрхан «Күн сәждесі»,«Үкікөз»  жыр жинақтарының тұсаукесері

    Сәменбет Нұрхан «Күн сәждесі»,«Үкікөз» жыр жинақтарының тұсаукесері

    Кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын, журналист Сәменбет Нұрхан Сұлтанбайұлының «Күн сәждесі» және «Үкікөз» жыр жинақтарының тұсаукесері өтті.

    Нұрхан Сұлтанбайұлы 1961 жылы Алтай аймағындағы Жеменей ауданына қарасты Қаржау ауылында дүниеге келген. Ақынның алғашқы өлеңдері мен толғаулары, поэмалары Қытай елінің басылымдарында жарияланып, қандас қаламгерлердің арасында жылы ілтипатқа ие болған. 1997 жылы атажұртына оралып, Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, қоныс тебеді.
    Нұрхан аға бүгінде бірнеше жыр жинағының авторы. Соңғы шыққан, сиясы кеппеген екі кітабының тұсаукесерін өзінің туған жерінде өткізсем деген ақын ағамыздың кешіне қаламыздағы өлеңсүйер қауым, кітапхана оқырмандары жиналды.
    Жаңа кітаптың тұсауын кескен құрметті қонақтар - айтыскер ақын, жыршы, журналист Серік Құсанбаев, қалалық мәслихаттың депутаты, ақын, драматург Әскерхан Ақтай, автордың туысы, Батыр ана Дариға Төлеуханқызы, ақын, журналист Олжас Керейхан, ақын, ұстаз Мұратхан Месейхан ақжарма тілектерін білдірді.
    Автор жастардың сұрақтарына тұщымды жауап қайтарып, ең мазмұнды, қызықты сұрақ қойған қатысушыға өз кітаптарын сыйға тартты. Ахмер мектебінің оқушысы Ақиқат Іңкәр Нұрхан Сұлтанбайұлының өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Кеш барысында автордың сөзіне жазылған әндер шырқалды.

     Samen 1  Samen 3  Samen 4  Samen 6  Samen 7  Samen 8
     Samen 2  Samen 9  Samen 10  Samen 11  Samen 12  Samen 13
     Samen 14  Samen 15  Samen 17  Samen 18  Samen 5  Samen 16

     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp