
«Қазақтың ұлы - Нұрғиса»: республикалық онлайн форсайт-форумы
14 сәуір күні А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханада композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы атағының иегері Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың ұлы - Нұрғиса» республикалық онлайн форсайт-форумы өтті.
Форумға белгілі қазақстандық нұрғисатанушылар, ғалымдар мен өнертанушылар, сазгердің шәкірттері:
- ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Күйшілер Одағы РҚБ Алматы филиалының жетекшісі, күйші әрі ақын Талап Қараш Қанағатұлы;
- Күйші-композитор, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Нұрғиса ағамыздың інісі Дүйсебай Шаштайұлы
қатысты.
Қатысушылар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, Нұрғиса атамыздың шығармаларын орындады. Шара қонағы, әнші Жұпар Мәкежанқызы Нұрғисаның «Қайран менің жүрегім» әнін орындады.Өмірін өнерге арнаған Нұрғиса Тілендиевтің жеке тұлғасына, оның шығармашылық мұрасына қызығушылық танытқан көпшілік қауым онлайн шара арқылы танымдық, қызықты ақпараттармен танысты.
Байланыс тел. : 26-13-33