phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Ақын, драматург Иран-Ғайып Оразбаевпен кездесу

Ақын, драматург Иран-Ғайып Оразбаевпен кездесу

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық “Алаш”, тәуелсіз “Платиналы Тарлан” сыйлықтарының иегері Иран-Ғайып Оразбаевпен кездесу өтті.

Келелі кездесуде ақын өмірі, шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін оқыды. Иранбек (Иран-Ғайып) Оразбаев - 1947 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін (1970), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1980). Әр жылдары Қызылорда облысы «Білім» қоғамында референт, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялық репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарды.
Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар», «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Жәбекшаған», «ГүлНәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драмалық дастандарын жазды. «Глаза ночи» (1983), «Царь слова»(1984), «Наследник» (1988) атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. 1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді. 2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
21 маусым күні 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында Иран-Ғайып Оразбаевтың “Алтын ажал” драмасы қойылады. Драма авторы барша өнер сүйер қауымды премьераға шақырды.

Iranbek 2 Iranbek 3 Iranbek 4 Iranbek 5 Iranbek 6
Iranbek 7 Iranbek 8 Iranbek 9 Iranbek 10 Iranbek 11

 


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp