
«Еңселі Елорда, Асқақтаған Астана!» әдеби көрме
Астана күні – мемлекеттік мереке. Әлемдегі үздік 30 қаланың тізіміне енген Астананың өзіндік тарихы бар. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңда Астана күнін тойлау мерзімі 6 шілдеде белгіленген. Астана күнінің ел азаматтары үшін қоғамдық-саяси маңызды саналатын мемлекеттік мәртебесі бар. Осы орайда кітапхананың екінші қабатындағы фойеде " "Еңселі Елорда, Асқақтаған Астана!" атты интерактивті кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.
Әдеби көрмеде Астана қаласының тарихынан сыр шертер тарихи кітаптар мен, ақын жазушылардың шабытына арқау болған әдебиеттер де көрініс тапқан. Астана қаласының ел ордасы болған жылдардан бастап, әлеуметтік, экономикалық және рухани даму жолын Сәдібек Түгелдің «Көк күмбезді Астана» кітабынан оқысаңыз болады. Астана көшелерінің атауы, Астана баспасөзінің шежіресі тағы басқа ақпараттық танымдық кітаптар көрмеде орын тапқан.
Қалаға астана мәртебесін беруге қатысты алғашқы құжат қашан қабылданды? Жаңа астананың танымал символдарына айналған ғимараттар қандай? Астана қаласының көк тіреген ғимараттары мен музейлері жайында, қала тарихына қатысты тағы қандай сұрақтарыңыз болса көрме арқылы кітапхана қызметкерлері сіздерге жауап беруге дайын.
Қазақ елі Астананы дала кеңістігіндегі тамаша оазис іспетті мақтан тұтады.