phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Бұл күз басқа… әдемірек, өзгерек» ақын Саят Қамшыгермен кездесу

«Бұл күз басқа… әдемірек, өзгерек» ақын Саят Қамшыгермен кездесу

8 қазан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ақын, аудармашы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет пен ақпарат салаларының үздігі Саят Қамшыгермен «Бұл күз басқа... әдемірек, өзгерек» атты шығармашылық кездесу кеші өтті.

Саят Қамшыгер 1978 жылы Абай облысы, Жарма ауданы, Кезеңсу ауылында дүниеге келген. Ақын «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Жүрегімде жұлдыз бар», «Биші қайыңдар» сынды жыр жинақтарының авторы. Ақын 2016 жылдан бастап аударма саласында өнімді еңбек етуде.

Кездесу барысында башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхамедовтан аударған «Тастамашы, ана!», «Ертегісіз өткен балалық», «Көше балалары» атты туындылары туралы айтып өтті. Жастар атынан Алиева Динара мен Аманкелдина Еркежан ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады. С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері әке туралы ән шырқап, авторға көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Қаланың зиялы қауым өкілдері, мектеп кітапханашылары сөз сөйлеп, Саят Қамшыгердің шығармашылығына ақ жол тіледі.

Жетім балалардың тағдырын, балалар арасындағы әлімжеттілікті, қоғамдағы отбасылық мәселелерді арқау еткен Саяттың аудармалары Өскемендегі кітапсүйер қауымды бір елең еткізді. Қатысушылар кітаптарына қолтаңба алып, естелік суретке түсті.

Saiat Qamşyger 1  Saiat Qamşyger 2  Saiat Qamşyger 3  Saiat Qamşyger 4  Saiat Qamşyger 8 Saiat Qamşyger 5   Saiat Qamşyger 17
Saiat Qamşyger 6  Saiat Qamşyger 21  Saiat Qamşyger 15  Saiat Qamşyger 16  Saiat Qamşyger 10  Saiat Qamşyger 13  Saiat Qamşyger 11
 Saiat Qamşyger 20  Saiat Qamşyger 18  Saiat Qamşyger 14  Saiat Qamşyger 9  Saiat Qamşyger 19  Saiat Qamşyger 7  SaiatQ

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp