phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Қалихан Ысқақ оқулары» облыстық байқауы

«Қалихан Ысқақ оқулары» облыстық байқауы

Қазақ прозасының қара нары, шыншыл да сыршыл сөздің иесі Қалихан Ысқақ – ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына есімі мәңгі жазылған қаламгер. Биыл жазушының туғанына 90 жыл толуына орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Қалихан Ысқақ оқулары» атты облыстық байқауды ұйымдастырады.

Әдеби дода 2025 жылғы 17 қазан күні сағат 14:00-де кітапхананың мәжіліс залында өтеді. Бұл шара – Қалихан Ысқақ шығармаларын дәріптеумен қатар, жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулуды, көркем сөздің құдіретін сезіндіруді мақсат етеді.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

  • Қаламгердің шығармаларынан үзінді оқу;
  • Жазушының өмірі мен туындыларына байланысты сұрақтарға жауап беру.

Сайысқа колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Олардан жатқа оқу шеберлігі, сөйлеу мәнері, сахналық мәдениеті мен білімділігі талап етіледі.

Әділқазылар шешімімен оза шапқан жеңімпаздар диплом және арнайы сыйлықтарға ие болады.

Әдебиет – ұлт руханиятының темірқазығы. Қалихан Ысқақ оқулары – жас ұрпақтың сол темірқазыққа бет бұрып, ұлы сөз өнерінен нәр алуына жол ашатын тағылымды алаң болмақ.


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp