«Ақ таяқ: Әлемді сезіну» халықаралық форумы
15 қазан – Халықаралық ақ таяқ күніне орай, кітапханада ерекше маңызы бар «Ақ таяқ: әлемді сезіну» атты форум өтті. Бұл күн – көру қабілеті бұзылған жандарды қолдау, түсіністік пен баршаға тең мүмкіндік жасауды насихаттайтын мереке.
Ақ таяқ – жай ғана құрал емес, ол тәуелсіздік пен батылдықтың, өзіне сенімділіктің символы. Кездесуде осы идея төңірегінде қатысушылар, қонақтар және еріктілер бас қосты.
Форум барысында Асем мен Навид өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Күн сайын көру мүмкіндігінсіз өмір сүрсе де, олар белсенді өмір сүрудің үлгісін көрсетті. Қонақтар адамдарға көмек көрсетудің дұрыс тәсілдері, кеңістікте бағдарлану және қарапайым ілтипат пен түсіністік туралы пайдалы кеңестер берді.
Олардың айтқан кеңестері ерекше қажеттіліктері бар жандарды жақсырақ түсінгісі келетін әр адам үшін нақты нұсқаулық болды.
Форумның ең қызықты бөлігі – интерактивті тәжірибе болды. Қатысушылардың көзін байлап, ақ таяқпен шағын жолды өту немесе қолмен ұстап затты табу тапсырылды. Бұл қарапайым жаттығулар көзі көретін адамдарға көру мүмкіндігі жоқ жандардың әлемін сезінуге, дыбыстың, сезімнің қаншалықты маңызды екенін ұғынуға көмектесті.
Кездесудің соңында Асем мен Навидке сұрақтар қойылып, қоғамды қалай қолжетімді және мейірімді етуге болатыны жайлы ашық пікір алмасу өтті.
«Ақ таяқ: Әлемді сезіну» форумы - көзбен ғана емес, жүрекпен де көруге болатынын еске салды.
Бұл күн әрқайсымызды мейірімділікке, сыйластыққа және түсіністікке шабыттандырсын. Себебі дәл осындай кішкентай қадамдардан адамгершілікке толы әлем құралады.








