phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

     «Бақыт әкелетін ертегілер» кітабының таныстырылымы

    «Бақыт әкелетін ертегілер» кітабының таныстырылымы

    29-шы қазан күні кітапханада республикаға есімі белгілі ақын,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иегері, Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, ардагер ұстаз Раисова Бақытжан Мұқтарханқызының «Бақыт әкелетін ертегілер» кітабының таныстырылымы өтті.

     Іс-шараның мақсаты – балаларды кітап оқуға баулу, ертегі арқылы ізгілікке, достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

    Кеш барысында қатысушылар автордың шығармашылық жолымен танысып, оның ертегі жазудағы шабыт көзі мен шығармашылық үдерісі туралы әсерлі әңгімесін тыңдады. Автор оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, жаңа кітабының жазылу барысындағы қызықты сәттерімен бөлісті.
    Шара барысында №27 орта мектептің 5 «Ә» сынып оқушылары «Қарақат сұлу» ертегісінен әсерлі сахналық көрініс қойды. Сонымен қатар балаларға арналған интерактивті ойындар, ертегілер мазмұнын анықтау және «Иә»/«Жоқ» форматындағы жылдам сұрақтар ойыны ұйымдастырылды. Айта кетсек, №47 мектептің оқушылары да шараға белсене қатысып, авторға өздерінің қызықты сұрақтарын қойып, ертегі әлемі туралы әсерлі пікірлерімен бөлісті. Кеш соңында оқушылар мен қонақтар өздерінің әсерлерін «Бақыт ағашына» жазып, ізгі тілектерін қалдырды. Шарада автордың өлеңдері оқылып, қатысушылар ақынға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
    «Бақыт әкелетін ертегілер» — кішкентай оқырмандарға бақыт пен мейірім сыйлайтын, қиял мен ізгілікке жетелейтін туынды.

     Baqytjan Raisova 1  Baqytjan Raisova 2  Baqytjan Raisova 4  Baqytjan Raisova 14  Baqytjan Raisova 7  Baqytjan Raisova 12  Baqytjan Raisova 5
     Baqytjan Raisova 16  Baqytjan Raisova 9  Baqytjan Raisova 11  Baqytjan Raisova 15  Baqytjan Raisova 13  Baqytjan Raisova 8  Baqytjan Raisova 6


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp