«Ақтанымын Алтайдың» облыстық Ақтан Нұрбаев оқулары
2025 жылғы 21 қараша күні кітапханамыздың мәжіліс залы әдеби шабыттың ордасына айналды. Кітапханада Алтайдың арынды ақыны, айтыс өнерінің үздігі, жазба поэзияда өзіндік өрнек қалдырған Ақтан Нұрбаевтың шығармашылығына арналған «Ақтанымын Алтайдың» облыстық оқулары жоғары деңгейде өтті.
Шараны Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы және «Ақтан Нұрбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мектебі» бірлесе ұйымдастырды.
Байқаудың басты мұраты – жас ұрпақты ұлттық рух пен поэзия құдіретімен қауыштыру, Ақтан Нұрбаев мұрасының мәні мен маңызын кеңінен таныту, өлең өлкесіне бет бұрған өрендердің талантына жол ашу.
Додаға облыстың әр түкпірінен келген 11 үміткер қатысты. Өскемен қаласының оқушыларымен қатар Тарбағатай, Самар өңірлерінен келген жас дарындар да ақын жырын жатқа айтып, жүрек түкпіріндегі сезіммен өрнектеді. Олар алдын ала берілген 20 өлеңді мәнерлеп оқумен қатар, сөз саптау, дауыс, бейнелеу қабілеті секілді шеберлік қырларынан сынға түсті.
Қазылар алқасы жасөспірімдердің талпынысын әділ саралады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде - Өсерхан Інжу (Самар ауданы)
1-орын - Кәсіп Айым (Өскемен)
2-орын – Нұржан Жаннұр (Өскемен)
3-орын – Дастан Айзере (Тарбағатай ауданы)
Ұлттық руханияттың мәйегі болған осынау шара - жас ұрпақпен бірге поэзияның болашағын айқындап, Ақтан жырын қайта жаңғыртқандай әсер қалдырды. Жас таланттардың жүрек тебіренте оқыған поэзиялары әлемінің есігін айқара ашып, рух пен шабытқа толы кешті естен кетпес мерекеге айналдырды.
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|








