phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Өз елім!» мерейтойлық әдеби концерт

«Өз елім!» мерейтойлық әдеби концерт

Кітапханада қазақтың маңдайына біткен біртуар сазгер, ұлт руханиятының шамшырағы, Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Өз елім!» атты әдеби-концерттік кеш өтті.

Нұрғиса Тілендиев – қазақ сазының сайыпқыраны, ұлттық музыка аспанында жарқыраған жарық жұлдыз. Оның қаламынан туған бес жүзден астам туынды, қырықтан аса пьеса мен жиырмадан астам фильмге жазылған музыкалары бүгінде халық жүрегінен мәңгілік орын алған.
Кеш барысында көрермендер композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликті тамашалап, оның өнердегі өрнекті іздеріне тағы бір мәрте үңілді.
Кештің құрметті қонағы – Шығыс Қазақстан облыстық Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Шалқар Рысханов өз сөзінде Нұрғиса Тілендиевтің ұлттық музыка мәдениетіндегі ерекше орнын айта келіп, оркестр ұжымының өнері мен дәстүр сабақтастығы жөнінде әсерлі ойларымен бөлісті.
Кештің концерттік бөліміне ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің әртістері қатысып, көрерменге қазақ музыкасының алтын қорынан туындылар ұсынды. Сонымен қатар, Нұрғиса Тілендиев пен Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылық үндестігінен туған «Құс қайтып оралды Алматыма» әнін Гүлзат Ағзамбекқызы әсерлі орындап, көрермен ықыласына бөленді.
Кеш соңында жүргізуші: «Осындай ұлы тұлғалар барда – ұлт рухы өлмейді. Нұрғиса Тілендиевтің мәңгілік мұрасы – қазақтың жүрегінде жаңғыра береді», – деп қорытындылады.
Музыка мен рухтың, өнер мен ұлттың тоғысқан бұл мерейтойлық кеш көрермендерге ерекше әсер мен рухани қуат сыйлады.

 Ädebi konsert 1  Ädebi konsert 2  Ädebi konsert 5  Ädebi konsert 3  Ädebi konsert 6  Ädebi konsert 4  Ädebi konsert 8

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp