phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Лариса Мартынованың «Поэзиялық геометриясы»

Лариса Мартынованың «Поэзиялық геометриясы»

26 қараша күні сағат 14:00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы барлық поэзиясүйер қауымды талантты жазушы, «Звено Алтая» өңірлік әдеби бірлестігінің құрылтайшыларының бірі, суретші, Шығыс Қазақстан өнер музейінің маманы, «Үш жол» шығармашылық клубының жетекшісі Лариса Ивановна Мартыновамен шығармашылық кездесуге шақырады.

Лариса Ивановна биыл 70 жасқа толып отыр.

Қадірлі оқырман, ардақты қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздер физика, математика, тіпті материалдар кедергісі де поэзияға негіз бола алатынын білесіздер ме? Айтпақшы, Поэзия деген не өзі? Техникалық негізде туған поэзия расында да бай әрі қызығырақ бола ма? Физиканы поэзиямен қалай ұштастыруға болады? Немесе өлең жолдарында геометриялық постулаттарды әсем түрде қалай өрнектеуге болады? Музей шығармашыл адамға әлемді тану жолын таңдауға қандай көмек көрсете алады? Тағы бір өзекті сұрақ: жас авторлар қалай беделді баспа журналдарында жарық көре алады?

Біз Сіздерге рухани әлемде шекара жоқ екенін дәлелдейміз, барлығы қолдан жасалған. Бейнелеу өнерінің ғылыми-техникалық прогресс пен диалектикалық материализм жеңе алмай жүрген тылсым сырлары туралы әңгімелейміз. Қазіргі кескіндеме мен графика адам сезімін де, ақпараттың үлкен ауқымын да көркем тілмен жеткізе алатынына көз жеткіземіз. Жақсы өлең оқып, асқақ рух жайлы әңгіме қозғаймыз.

Сіз Поэзияны жақсы көресіз бе? Онда біздің кездесуге келіңіз. Бұл нағыз әдебиеттің кеші болмақ. Поэзия бұл өмір!

 

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp