phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Шығыс Салбурыны» фотокөрмесінің ашылуы

«Шығыс Салбурыны» фотокөрмесінің ашылуы

Кітапханада «Шығыс салбурыны» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме биыл Бозанбай ауылында ұйымдастырылған «Шығыс Салбурыны-2025» V халықаралық фестивалінің ерекше сәттерін көрерменге ұсынды.

Фестивальге Моңғолия, Ресей, Венгрия, Қырғызстан, Испания және Қазақстанның әр өңірінен келген 100-ден астам бүркітші қатысып, 10 мыңнан аса көрермен жиналған болатын. Салбурында құсбегілік өнер, дәстүрлі аңшылық түрлері, ұлттық салт-дәстүрлер мен қолөнер көрсетілімдері жергілікті халықтың назарына ұсынылды.

Фото көрменің ашылуында өңіріміздің фотожурналистері түсірген бірегей кадрлар кітапхана фойесіне қойылды. Шараның шымылдығын ашқан Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Піржанов Мәделхан Мәдібекұлы фотокөрмеге жиналған барша қауымды құттықтап, Салбурын шарасының маңыздылығына қысқаша тоқталып өтті. Шараны ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан Журналистер одағының ШҚО филиалының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы – көрменің мақсатын тілге тиек етті. Ал Ұлан аудандық мәслихатының депутаты, ақын Нұртай Тілеужанұлы бес жыл бұрын бастау алған осы шараның тарихына тоқталды. 

Сонымен қатар, Салбұрынды бес жыл бойы жоғары деңгейде өткізуге белсене атсалысқан Ұлан ауданының тұрғындары кітапхана атынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұлан аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған әсем ән көрменің мазмұнын байытып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Шығыс салбурыны» фотокөрмесі – қазақтың қастерлі құсбегілік өнерін насихаттап, ұлттық мәдени мұраны дәріптейтін маңызды мәдени жоба ретінде өз жалғасын табуда.

 Salburyn2025 1  Salburyn2025 2  Salburyn2025 3  Salburyn2025 4  Salburyn2025 5  Salburyn2025 7 Salburyn2025 8 
 Salburyn2025 9  Salburyn2025 10  Salburyn2025 6  Salburyn2025 13  Salburyn2025 12  Salburyn2025 14  Salburyn2025 15

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp