«Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» кездесу
Кітапханада «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім» атты желтоқсаншылармен кездесу кеші өтті.
Кездесу ерлікпен қаза тапқан ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Шараның шымылдығын ашқан «Желтоқсан-86» ҚБ төрағасы Рамазанов Марат Айтахметұлы желтоқсан оқиғасының тарихына байланысты естеліктерімен бөлісті. Сол кездері өрімдей жас болып, оқиғаға қатысқан Әлпиев Ерболат, Раисова Роза, Абетаева Гүлнара, Бакужанова Бақытгүл, Ақшабақов Өмерлен, Шакаев Өміржан сынды желтоқсаншы аға-әпкелер жастарға ағалық ақылдарын айтып, ақ баталарын берді.
Шарада тақырыпқа сай тарихи видеолар мен бейнематериалдар көрсетілді. Өнер мұражайының әншісі Мұқиятқызы Құндыз «Желтоқсан желі» әнін орындаса, Қанатқызы Ұлпан, Алпамыс Нұрболат сынды жастар жүрек тербетер өлеңдер оқыды. Ал, Нұрорда мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Құмарқанов Айсұлтан рухты ән орындап көреремен көзайымына айналды. Сонымен қатар қатысушылардың тарихи білімдерін тереңдету мақсатында викториналық ойын ұйымдастырылды. Желтоқсан ардагері Рамазанов Марат ағаға арналған «Тосын сұрақ» айдары өткізілді.
Кеш соңында желтоқсан ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Бұл кеш — тәуелсіздіктің қадірін терең ұғындырып, елдік рухты асқақтатқан мәнді де мазмұнды жиын болды.
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|








