«Көшпенділер: Ұлы даладан – кітап беттеріне» брейн-ринг
5 ақпан күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының жарық көргеніне 55 жыл толуына орай «Көшпенділер: Ұлы Даладан кітап беттеріне» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Шараның басты мақсаты — студенттер арасында ұлттық әдебиетті насихаттау, тарихи сананы жаңғырту және классикалық шығармаларға деген қызығушылықты арттыру.
Колледж студенттері трилогияның мазмұны, тарихи деректері мен автордың өмірбаяны төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.
Қазақ хандығының құрылу кезеңдері мен ұлы хандар бейнесінің көркем шығармада суреттелуі бойынша пікірталас өрбіді.
Болашақ мамандар логикалық тапсырмаларды орындау барысында ұжымдық жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
Ілияс Есенберлиннің бұл еңбегі — қазақ халқының өткенін түгендеген құнды мұра. Студенттердің шығарманы терең меңгеріп, тарихи оқиғаларға талдау жасай білуі — білім сапасының көрсеткіші.
| |
|
|
|
|








