А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Кітапхана кадрда» атты ашық фотобайқауының басталғанын жариялайды. Шығармашылық жоба өңірдегі ең көне кітапхананың айтулы датасы - 130 жылдық мерейтойына арналған.
Ұйымдастырушылар кәсіби мамандар мен әуесқой фотографтарды кітапханаға тек кітап оқитын орыны ретінде емес, жанды, стильді және заманауи мәдени кеңістік ретінде қарауға шақырады.
Байқауға жас шектеусіз барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Басты талап - фотосуреттер А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының ішінде түсірілуі тиіс.
Шарттары мен тәртібі:
• Жұмыстарды қабылдау: 20 ақпан мен 17 мамыр аралығында.
• Форматы: цифрлық (JPEG), жоғары сапалы.
• Қайда жіберу керек: «Фотобайқау» белгісімен This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына.
Қазылар алқасы жұмыстарды шеберлік деңгейі мен идеялардың ерекшелігіне қарай бағалайды. Жеңімпаздардың есімдері 4 маусымда белгілі болады. Әр номинация бойынша үздік шыққандар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады, ал ең үздік фототуындылар кітапхананың бас холлындағы бейнекөрмеге қойылады.
«Біз кітапхананың шабыт мекені екенін көрсеткіміз келеді. Мерейтойымыз - кітапхана тарихы мен оның заманауи тынысын сіздердің камераларыңыздың объективі арқылы таспалап қалуға тамаша мүмкіндік», - дейді ұйымдастырушылар.
Байқау шарттары туралы толығырақ ақпарат пен қатысушының сауалнамасы Ережеде көрсетілген.
БАҚ өкілдеріне және анықтама үшін байланыс: Жоба үйлестірушісі: Г. Мағметжанова, тел.: +7 777 092 3040 E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.