phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

    «Күмбірлеген күй ғұмыр»

    «Күмбірлеген күй ғұмыр»

    18 ақпанда  кітапханада қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Күмбірлеген күй ғұмыр» атты лекция-концерт өтті.

    Рухани кештің мақсаты – ұлы күйшінің өнегелі өмір жолын, бай шығармашылық мұрасын насихаттау және жас ұрпаққа ұлттық өнердің құндылығын дәріптеу.  Шара барысында жүргізуші Дина анамыздың өмірі мен өнердегі дара болмысына тоқталып, Құрманғазыдан бата алған шәкірттік жолы мен күй өнеріндегі тарихи орнын кеңінен таныстырды.

    Кеш аясында Дина Нұрпейісова туралы бейнеролик көрсетіліп, тарихи бейнетаспадан күйшінің өз орындауындағы күй ұсынылды. Бұл сәт көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ғасырлар үндестігін сезіндірді.

    Концерттік бөлімде «Ағайынды Абдулиндер атындағы өнер училищесінің» студенттерінің орындауында «Беташар», «Бұлбұл»,  «Көгентүп», «Науай», «Жеңіс», «Әсем қоңыр», «Мереке» күйлері орындалып, әр шығарманың шығу тарихы қысқаша баяндалды. Әсіресе, «Жеңіс» күйі елдік рухты асқақтатса, «Әсем қоңыр» лирикалық нәзіктігімен көпшіліктің ықыласына бөленді.

    Тағылымды кеш ұлттық күй өнерін ұлықтап, көрермен қауымға рухани серпіліс сыйлаған мазмұнды мәдени шара ретінде өз мәресіне жетті.

     leksia konsert 1  leksia konsert 2  leksia konsert 4  leksia konsert 10  leksia konsert 7  leksia konsert 12  leksia konsert 3
     leksia konsert 6  leksia konsert 5  leksia konsert 14  leksia konsert 13  leksia konsert 8  leksia konsert 9  leksia konsert 11

     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp