phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Кітапханадағы жасанды интеллект: Шығыс Қазақстандағы жаңа жоба

Кітапханадағы жасанды интеллект: Шығыс Қазақстандағы жаңа жоба

13 наурызда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «ИИ-комплектатор» жобасының таныстырылымы өтті. Бұл –жаңа кітаптар мен құжаттарды талдайтын, аннотациялар, кілт сөздер және жіктеу индекстерін жасайтын интеллектуалды жүйе.

Жоба – цифрлық трансформацияның пилоттық моделі болып саналады және аймақтың кітапхана жүйелерінде заманауи технологияларды енгізудің негізі бола алады. Заманауи кітапхана тек кітаптар ғана емес, сонымен қатар баршаға білімді қолжетімді әрі ыңғайлы ететін технологиялар!
2026 жыл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланып, экономика мен қоғам дамуындағы негізгі факторды айқындады. Әртүрлі ұлттық бастамалар аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы да белсенділік танытуда. Бұл жолы кітапхана «ЖИ-комплектатор» жобасын іске қосты. Бұл — кәсіби кітапхана саласында жасанды интеллектті қолдана отырып күнделікті қайталанатын процестерді автоматтандырудағы инновациялық шешім.
Жасанды интеллект негізіндегі «ЖИ-комплектатор» интеллектуалды қосымшасы кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды өңдеу бойынша жұмыстың тиімділігін ондаған есе арттыруға мүмкіндік береді. «ЖИ-комплектор» қолданыстағы ИРБИС кітапханалық-ақпараттық жүйесіне кіріктірілген, соның арқасында жаңа түсімдер электрондық каталогта жедел көрініс тауып, оқырманға бұрынғыға қарағанда бірнеше есе жылдам қол жетімді болады. Кітапхананың технологиялық инновациясының тағы бір құндылығы – бұл кәсіби саладағы мамандандырылған кәсіби кадрлардың тапшылығы мәселелерін қалай шешуге болатындығын көрсетеді.
Осылайша, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы –Қазақстандағы кәсіби салада жасанды интеллект базасында сапалы жаңа технологиялық инновацияларды ұсынатын әзірше жалғыз көпшілік кітапхана. Өткен жылы кітапхана «DosAI» нейро-ассистентін қолданысқа енгізсе, биылғы жылдың басында «ЖИ-комплектор» жаңа шешімін ұсынуда. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бұл жобалары Қазақстанның кітапхана саласында жасанды интеллектті қолдану бойынша әзірше жалғыз серпінді шешім болып табылады және ары қарай да даму мүмкіндігіне ие.

komleknator 1 komleknator 2 komleknator 3 komleknator 4 komleknator 5 komleknator

 

Назым Тлеубекова,
«А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ директоры


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp