Тоғызқұмалақтан турнир
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Ұлттық спорт күні кітапханада тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында жекелей қалалық біріншілігі өтті.
Турнирге 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс тартысты да қызықты өтті. Қатысушылар санына қарай ойындар айналмалы немесе швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылып, әр ойыншыға партия соңына дейін 30 минут уақыт берілді. Бұл жас спортшылардың логикалық ойлау қабілетін, сабырлылығы мен шапшаңдығын қатар сынаған шынайы интеллектуалдық бәсеке болды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес жекелей есепте анықталды. Үздік өнер көрсеткен жас ойыншылар алдағы облыстық және республикалық жарыстарға жолдама алуға мүмкіндік алды.
Ұлдар арасында:
I орын – Мырзахмет Нурасыл (№16 мектеп);
II орын – Токтаров Мирас (№31 мектеп);
III орын – Маратов Руслан (№35 мектеп), Баяхмет Айсултан (№45 мектеп).
Қыздар арасында:
I орын – Алимхан Акжан (№45 мектеп);
II орын – Қабылханова Инжу (№14 мектеп);
III орын – Жарқынбекқызы Айша (№14 мектеп), Санатқызы Инжу (№35 мектеп).
Наурыз мерекесі аясында өткен бұл жарыс тек жеңімпаздарды анықтап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың санасына рухани байлықтың дәнін сепкен тағылымды шараға айналды.
| |
|
|
|
|
|
|








