«Ең бақытты әйел»: тренинг
18 cәуір күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ұлттық кітап күні» апталығы аясында қаламыздағы әйелдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға арналған «Ең бақытты әйел» атты тренинг өтті.
Тренингтің негізгі мақсаты – әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін арттыруға, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби дамуына ықпал ету, кітап оқуға баулу.
Аталған шараға қаламыздағы «Жан сарайы» клубының мүшелері, түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді әйелдер, жас мамандар, қатысты.
Тренинг барысында қатысушыларға көшбасшылық дағдылар, тиімді коммуникация, өзін-өзі дамыту, мотивация және ел алдында еркін сөйлеу техникалары туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды.
Сонымен қатар, интерактивті ойындар мен пікірталастар ұйымдастырылып, психологияға, қаржылық сауаттылыққа, әйел денсаулығына байланысты кітаптарға шолу жасалынды. Шараға қатысушылардың барлығы кітапхана оқырманы болып тіркелді.








