«Поэзия, рождённая сердцем…»: ақын Оксана Георгиевна Хоревамен шығармашылық кездесу
22 мамыр кітапханамызда мәжіліс залында ақын, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшесі, Ресей Жазушылар одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Оксана Георгиевна Хоревамен шығармашылық кездесу өтті.
Оксана Хореваның поэзиясы – ең маңызды құндылықтар туралы шынайы сыр-сұхбат, онда: махаббат пен уақыт, туған жер мен адам жаны, өмірді терең әрі мағыналы ететін сезімдер жайлы толғаныс суреттелген. Оның өлеңдері өмірдің өзінен — әр адамға жақын қарапайым сезімдерден, естеліктерден, бақылаулардан, тыныштық пен ішкі нұрдан туындайды.
Кездесу барысында автордың өлеңдері оқылып, шығармашылық жолы мен шабыт туралы еркін әңгіме өрбіді, поэзиядағы өз үнін іздеуі жайлы сөз болып, поэтикалық жинақтардың жазылу тарихы таныстырылды. Кездесу барысында қонақтар өз сұрақтарына жауап ала алды.
Оксана Георгиевнаның шығармашылығы — адамға өзін тануға және бір-бірін тереңірек түсінуге жол ашатын ерекше рухани әлем.
Әдебиет сүйер қауым асыға күткен шығармашылық кездесу сәтті аяқталды. Рухани кеш қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлап, жоғары деңгейде өтті!








