phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Shygys Book Fest – 2026» кітап фестивалі

«Shygys Book Fest – 2026» кітап фестивалі

2026 жылдың 11 қыркүйегі күні, сағат 14.00-19.00 аралығында Өскемен қаласындағы көрікті орындардың бірі - Арбатта «Shygys Book Fest – 2026» кітап фестивалі өтеді!

Іс-шараны «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ және А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұйымдастырып отыр.

Шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған «Оқитын ұлт» идеясын қолдау, кітап оқуды насихаттау, жерлес қаламгерлерге, талантты жастарға қолдау білдіру, олардың шығармаларын халыққа ұсыну, баспагерлерге қолдау көрсету.

Фестиваль барысында келушілер кітапты тек тамашалап қана қоймай, әдеби шығармаларды тануға, өз білімін сынауға, авторлармен жүздесуге, жаңа кітаптармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

Шара аясында Мейірбаев Есенбек Айтқазыұлының демеушілігімен жарық көрген «Қабанбай» кітабының тұсаукесері жоспарланып отыр.

Өскемен қаласындағы танымал кәсіпкер, «SAMGA» даму орталығының негізін қалаушы Әлия Көңілханның бастамасымен Абай Құнанбайұлының шығармалары негізіндегі «Болыс болдым, мінеки...» театрландырылған көрінісі ұсынылады. Актер, режиссер Ертай Хасеновтің жетекшілігімен «Шабыт» жастар театры да қала халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Шараның мақсаты – кітапты насихаттау болғандықтан, қаламыздағы жергілікті баспалар мен кітап дүкендері де кітап саудасын ұйымдастырып, өз өнімдерін халыққа ұсынады.

Келушілерді ауқымды мәдени бағдарлама, атап айтқанда,  жазушылармен және танымал тұлғалармен кездесулер, автограф-сессия, кітап жәрмеңкесі, буккроссинг, тақырыптық кітап көрмелері, жаңа басылымдардың тұсаукесерелері, арт-кеңістік, интеллектуальды сайыстар мен сыйлықтар, шығармашылық мастер-класстар, интерактивті ойын зоналары тағы басқа қызықтар күтеді. Автордың кітабын сатып алып, жеке қолтаңбасын алу мүмкіншілігі бар.

Іс-шараның өтуіне қаламыздағы бірнеше кітапхана және аудандық кітапханалар қатысады. Әрбір кітапхана өздерінің кітап көрмелерімен, ойын алаңдарымен, шығармашылық жұмыстарымен қала жұртын қарсы алады.

«Shygys Book Fest – 2026» – оқырман мен авторды жақындастыратын, әдебиетті заманауи форматта насихаттайтын ерекше мәдени алаң.

Фестивальдің негізгі идеясы – оқитын, ойлайтын, білімді қоғам қалыптастыру. Өйткені кітап оқитын ұлт – білімге ұмтылған ұлт. Ал білімді ұрпақ – елдің болашағы.

11 қыркүйек күні Арбатта кітаппен кездесуге асығыңыз!
«Shygys Book Fest – 2026» – кітап оқитын ұлттың мерекесі!

 


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp