phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Сенімді сөйле»: Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне арналған тренинг өтті

«Сенімді сөйле»: Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне арналған тренинг өтті

Кітапханамызда Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне арналған «Сенімді сөйле» тақырыбында тренинг өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың көпшілік алдында еркін әрі сауатты сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз ойын анық жеткізуге және тыңдарманмен тиімді байланыс орнатуға бағыт-бағдар беру.

Тренинг барысында ораторлық өнердің негізгі қағидалары таныстырылып, көпшілік алдында сөйлеудің тиімді тәсілдері мен сенімді сөйлеудің құпиялары талқыланды. Қатысушылар дауыс ырғағын дұрыс қолдану, ойды жүйелі жеткізу, сөйлеу мәнері мен дене қимылының маңызы туралы пайдалы ақпараттар алды.

Теориялық бөлім практикалық тапсырмалармен ұштасып, қатысушылар түрлі жаттығулар мен интерактивті ойындарға белсенді қатысты. Практикалық жұмыстар арқылы көпшілік алдында өзін еркін ұстау, қысылмай сөйлеу және өз ойын нақты жеткізу дағдылары пысықталды.

Тренинг соңында қатысушылар алған білімдерін күнделікті кәсіби қызметінде, әсіресе халықпен қарым-қатынас жасау және көпшілік алдында сөз сөйлеу барысында тиімді қолдана алатынын атап өтті.

Осындай танымдық әрі тәжірибелік шаралар кітапхананың тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар тұлғалық даму мен кәсіби дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік беретін білім мен коммуникация алаңы ретіндегі рөлін арттыра түседі.

Trening 1 Trening 2 Trening 3 Trening 4 Trening 5
Trening 8 Trening 9 Trening 10 Trening 6 Trening 7

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp