phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Archive

    Жаңа қызмет салалары бойынша семинарлар-3D-модельдеу курстары

    Жаңа қызмет салалары бойынша семинарлар-3D-модельдеу курстары

    Жаңа технологиялар қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан цифрлық дағдылар барлық жастағы және халықтың топтары үшін маңызды болып келеді.

     Елбасы Жолдауында жарияланған «Жаңа Қазақстан» жобасын жүзеге асыру аясында А.С. Пушкин атындағы кітапханада цифрлық білім беруде ауқымды жұмыстар атқарылуда.

    Осы жобаны қолдау мақсатында кітапханада әртүрлі бағыттар бойынша және әртүрлі жастағы адамдар үшін компьютерлік курстар ұйымдастырылатын ІТ орталық жұмыс істейді.

    Ең танымал және сұранысқа ие бағыттардың бірі – 3D модельдеу курстары. Курс аясында қатысушылар үш өлшемді объектілерді жасау, оларды модификациялау және текстуралау негіздерін үйренеді. Сондай-ақ Blender, 123D Design тәрізді 3D модельдеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеуді игереді.

    Курстарға қатысу арнайы білім немесе дағдыларды қажет етпейді – тек шығармашылық тұрғыда өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыс болса болғаны. Қатысушыларға арнайы компьютерлік жабдық және бағдарламалық жасақтама ұсынылады.

    Курс тренерлері – тәжірибелі 3D модельдеу мамандары.

    Бұл курстар технология мен шығармашылық саласында өз мүмкіндіктерін кеңейткісі келетін адамдар үшін тамаша мүмкіндік. Бірегей және креативті 3D модельдерін жасауды үйрену үшін барлық тілек білдірушілерді кітапханамызға шақырамыз.

    Курстарға кітапхана сайты https://pushkinlibrary.kz  арқылы немесе телефон  WhatsApp 87052821127 арқылы жазылуға болады.

     3D modelir 2  3D modelir 3  3D modelir 4  3D modelir 1  3D modelir 6

     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp