Mobirise Website Builder
Mobirise Website Builder

Ізғұтты Айтықов: Ұланнан шыққан ер ұлан

Шұғылалы болса арманың,
Көзінде жанар жыр маздап,
Отанын солай қорғайды,
Ізғұтты деген бір қазақ!

                        (А. Сурков «Айтықов Ізғұтты»)
Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықов 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Солдатское ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Айтықов 1942 жылдан майданда болды. Сталинград іргесінде шайқасты. Калинин, Курск, Волгород облыстарының жерін азат етуге қатысты. Батыс Двина жағалауына дейін барды. Ер жүрек барлаушы Айтықов жау тылында бірнеше рет болды. Оның өзі 50 гитлершіні жойып, бөлімге 22 “тіл” әкелді. Командованиенің жауынгерлік тапсырмасын үздік орындап шыққаны үшін ол Қызыл Жұлдыз, III-ші және ІІ-дәрежелі Данқ ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалымен марапатталды. 1944 жылы 22 маусымда гвардия старшина Ізғұтты Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.